Назарбаев зияткерлік мектебіне білікті ұстаздар қажет

605
резевте тұрған 81 бала 7-сыныпқа қабылданды

Назарбаев зияткерлік мектептеріне мұғалімдер қажет. Бұл тапшылық қосымша қазақ сыныптарының ашылуынан туындап отырған көрінеді. Осы уақытқа дейін қазақ сыныптарының саны аз болып келген Шымкенттегі химия-биология бағытындағы зияткерлік мектепте таяуда қосымша 4 сынып ашылды. Оған резервте тұрған 81 бала қабылданып отыр. Сол себепті білікті мұғалімдерге сұраныс артыпты.

резевте тұрған 81 бала 7-сыныпқа қабылданды
Резевте тұрған 81 бала 7-сыныпқа қабылданды

Осылайша бүгінгі таңда білім ордасына 28 ұстаз керек. Анау-мынау емес, үш тілді жетік меңгерген, әрі өз ісінің шебері болуы шарт. Дарынды оқушылармен жұмыс жасағысы келетін ұстаздарға қойылып отырған талап та жоғары. Сондықтан да кадр тапшылығы орын алып отырған көрінеді.

Нағима Дәрібаева, химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының бейімді эксперимент ісі бойынша орынбасары: «Екі күн қатарынан мұғалімдерді қабылдап, сынап жатырмыз. Бізге, әсіресе, физика, химия, биология, математика пәндерін орыс тілінде беретін мамандар қажет.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=w1QX28Pzx4w[/youtube]

Бағын сынауға бірінші күні жүз жетпіске жуық оқытушы келіпті. Олар да оқушылар сияқты сынақ тапсырады, эссе жазады. Бұл – білімділердің ішінен біліктілерін іріктеп алудың алғышарты дейді емтихан қабылдаушылар. Өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген мұғалімдердің басым бөлігі қобалжулы.

Елдос Айдарханбеков, Кентау қаласынан келген ұстаз: «Талап өте жоғары екен. Сұрақтары күрделі. Назарбаев зияткерлік мектебіндегі балалармен тығыз жұмыс жасағым келеді. Енді біліміміз жете ме, жетпей ме,оны көре жатамыз.»

Зияткерлік мектептің табалдырығын енді аттағандардың қуанышында шек жоқ
Зияткерлік мектептің табалдырығын енді аттағандардың қуанышында шек жоқ

Мұғалімдерге деген сұраныс төрт қазақ сыныбының ашылуынан туындаған. Айта кету керек, бұрын зияткерлік мектепте қазақ сыныптарының саны аз болды. Химия-биология бағытында 27 сынып болса, соның тек 14-і қазақ сыныбы екен. Енді олардың саны еселенбесе де, төртеуге артып отыр.

Арайлым Мүсілім, 7-сынып оқушысы: «Мен бұл мектепке түскеніме өте қуаныштымын. Осы жерде жақсы оқып шығып, жақсы оқу орнына түскім келеді. Бұл мектеп басқа мектептерге қарағанда өте ерекше екенін байқадым.»

Байқауда бақ сынап жатқандардың арасында қазақ тілімен қатар ағылшын және орыс тілдерін жетік меңгерген ұстаздар бар ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді.