Облыста жер дауы өршіп тұр

277
жер дауы өршіп тұр

Оңтүстік Қазақстан облысында жер дауы өршіп тұр. Былтыр облыстық аумақтық жер инсепкциясы 1 200 заңсыз оқиғаны анықтап, құзырлы орындарға шағым түсірген. Сала мамандары біздің өңір бүгінде республика бойынша жер дауы жөнінен алдына қара салмай тұр дейді.

жер дауы өршіп тұр
жер дауы өршіп тұр

Дау-дамайдың дені кәсіпкерлік мақсатқа бөліген жер телімдерінен шығып отыр. Былтыр жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 555 жер учаскесінің тиісті мақсатта пайдаланылмай жатқаны анықталды. Оның ішінде 40 шақты жер телімі құзырлы құжатта иесіз мүлік ретінде тіркелген.

Сала мамандары жерді аукцион арқылы сатудың да заңсыздықтарға тосқауыл бола алмай отырғанына көз жеткізді. Өйткені, мемлекет қорына қайтарылған жер телімдерін жаңа жүйеге сәйкес сатуды қадағалап отырған ешкім жоқ. Соған қарамастан, облыста бүгінге дейін 97 рет конкурс жарияланып, 400 мың гектар жер телімі сатылып кеткен. Сатылған жер телімдері қалай игеріліп жатыр? Жер қатынастары басқармасының мамандары бұл сұраққа дөп басып жауап бере алмады. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов басқарма басшысына аукционның ұйымдастырылуын жіті қадағалауды және жердің мақсатты игерілуі үйлестіріп отыруды тапсырды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=OgOlhTBb6dE[/youtube]