Пара алған директор ұсталды

386

Облыстық білім басқармасына қарасты облыстық жасөспірімдер үйінің директоры 150 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталып отыр. Аталған мекеме басшысының өткен айда қамауға алынғаны таяуда мәлім болды.

 Қаржы полициясы қызметкерлерінің айтуынша, жасөспірімдер үйінің директоры осы коммуналдық мекемеде жастар практикасымен жұмыс жасап жүріп, әрі қарай сол мекемеде жұмыста хатшы қызметіне қалу ниетін білдірген азаматшадан 150 мың теңге көлемінде пара сұраған. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, күдікті тергелуде.