Шымкентте картоп – 65, ал пияз 35 теңгеден сатылуда

449
картоптың бағасы әлде қайда төмен сатылуда

Өңiрде бағаны тұрақтандыру мақсатында бiрқатар шаралар қолға алынуда. Азық-түлiк тауарларының бағасы шарықтай бастаған тұста тұрақтандыру қорының өнiмi базардағы нарықтан 15-50 пайызға төмен бағамен сатылымға шықты. Арзандатылған өнімнің тұтынушылары да көп.  Солардың бірі – Володия Жуков. Картопты – 65, пиязды 35 теңгеге сатып алып, қаржысын үнемдеуге септігін тигізіп отырған жандарға алғысы шексіз. Қымбатшылық жағадан алғанда жергілікті биліктің көмек қолын созғанын мақұлдайды.

картоптың бағасы әлде қайда төмен сатылуда
Арзан бағадағы азық-түлік

Бір дүкенге картоп пен пиязды 5 қаптан, құмшекерді 3-4 қаптан алдыртса да тез таусылып кетеді дейді сатушылар. Әсіресе, зейнеткерлер олардың тұрақты тұтынушысына айналған.

Татьяна Зойцова, сатушы: «Бізге тұрақтандыру қорынан арзандатылған азық-түлік жиі жеткізіледі. Алушыларымыз көбейді. Құмшекердің 125 теңгеден сатылып жатқанына басында көбісі сенбеді. Өйткені, көрші дүкенде қанттың келісі 160-170 теңге тұрады. Түске дейін тауарларымыз өтіп кетеді. Енді сұраныстың көлемін арттырамын деп отырмын.»

қаладағы 23 дүкенде арзандатылған өнімдер сатылады
Арзан азық-түлік Шымкент бойынша 23 дүкенде сатылады

Азық-түлiк тауарларының бағасын тұрақтандыру қорының өнiмдерi қаламыздағы 23 дүкенде сатылады. Олардың құны базардағыдан 15 пайыздан 50 пайызға дейiн арзан. Қазір қоймада 427 тонна картоп, 195 тонна пияз, 332 тонна құмшекер бар. Бағдарлама басшылары бұл қордың көктемге дейін шымкенттіктерді арзан бағадағы азықпен қамтуға жететініне сенімді. Ал бағаны тұрақтандыру қорындағы өнім түрлерінің аз болуын көкөністерді сақтаудағы қиындықтармен түсіндіреді.

қордағы өнім көктемге дейін жетеді деп жоспарлануда
Қоймадағы өнімдер

Олжас Бақтыбаев, бағдарламаларды іске асыру департаментінің директоры: «Әлеуметтік тауарлардың тізіміне қырыққабат, сәбіз, тағы да басқалар енеді. Ал оларды 4-5 айға сақтау бірқатар қиындықтар туғызады. Сондықтан арнайы комиссия арқылы бекітілген өнімді алып, сақтау ғана ыңғайлы.»

Жерлестерімізді қолжетімді бағамен қуантып отырған тұрақтандыру қоры екі жылдан бері жұмыс жасап келеді. Қалтаға түсетін салмақты біршама жеңілдетіп отырған бағдарламаны жүзеге асырушылар ұнды төмендетілген бағамен тек наубайханаларға ғана босатады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=e3y3aYRZIdw[/youtube]