Шымкенттік ғалымдар алмадан «чипсы» пісірді

Өңіріміздің ғалымдары алма мен шабдалыдан кәдімгі «чипсы» дайындап шығарды. Бірақ, көпшілікке таныс картоп қытырлақтарына қарағанда бұл чипсы денсаулыққа әлдеқайда пайдалы көрінеді. Мұндай жаңалықты Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары ойлап тауып отыр.

чипсы

Бір қарағанда түрі кәдімгі чипсиден аумайтын өнім кәдімгі жеміс-жиектен жасалған. Кептірілген жемістен денсаулыққа пайдалы жаңаша өнім жасау идеясының авторы – профессор Әзірет Шыңғысов. Ғалым шәкірттерімен бірге бір жылдан бері осы тың идеяны жүзеге асырумен айналысып жүр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=PzCU0ZL6hUg[/youtube]

Әзірет Шыңғысов, профессор: «Алма, алмұрт және тағы басқа да жеміс-жидектер жазда көп болғанымен, қыс пен көктемде тапшы. Сондықтан бұл өніміміз жас балаларға дайын тағам түрінде ұсынылады. Бұған ешқандай қоспа қоспаймыз. Таза өнім. Қазіргі технология бойынша ыстаған кезде тамаққа шайыр қосылып кетеді. Ал біз жаңа технологияны жасадық. Түтінсіз ыстау арқылы жасалған жеміс қытырлықтарының днсаулыққа зияны жоқ.»

чипсы

Токофирол. Жүзім дәнегінің құрамындағы антиоксидант дәл осылай аталады. Университет ғалымдары осы затты зерттей келе токофиролдың сүт өнімдерін сақтау мерзімін ұзартуға сеп болатынын анықтапты. Алайда, бұл жаңалықтың жеміс қытырлақтарына қатысы жоқ. Бұл ғалымдардың екінші жобасы.

Бұл жоба 37 миллион теңге мемлекеттік грант ұтып алған жобалардың біріне жатады. Қаражаттың үштен бір бөлігін ғалымдар осы күннің өзінде кәдеге жаратып, тың идеяны іске асыруды бастап кеткен.