«Тойотаның» қосалқы бөлшектерін сатқандар жауапқа тартылды

255
Сатушы жарнамадағы Тойота белгісін алып тастауда

Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментіне «Тойота» корпорациясының өкілі өздерімен келісім-шартқа тұрмаған өңірдегі кәсіпкерлердің үстінен шағым жасаған. Енді осы бренті заңсыз пайдаланған тұлғалар жауапқа тартылады. Жаза әкімшілік айыппұлмен қаралған. Айта кету керек, бұрын-соңды мұндай оқиға болмаған. Сондықтан, жеке кәсіпкерлер мұны естіп, аң-таң болды.

Әділет департаменті
Әділет департаменті

Бұл заң бұрынан қаралған, бірақ, меншік иелері назар аудармағандықтан, осындай тауар таңбаларына мән берілмей келіпті. Облыстық әділет департаменті мен кентаулықтар бірлесіп, сондағы «Тойота» көліктерінің бөлшектерін сататын дүкендерге тексеру жұмыстары жүргізілген.

Сатушы жарнамадағы Тойота белгісін алып тастауда
Сатушы жарнамадағы Тойота белгісін алып тастауда

Ерболат Нарбаев, ОҚО әділет департаментінің бөлім басшысы: «Тойота» белгісін өзінің дүкенінде жарнамалап, сауда жүргізіп отырған үш азамат анықьталды. Сол жерден «Тойота» белгісі алынып, ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 145-бабына сәйкес, әкімшілік іс қозғалды. Кез келген тауар таңбасы ҚР Әділет министрлігінде тіркеуде болады. Сол құқық иегері болады. Демек, құқық иегерінің келісім-шартынсыз ешқандай адам пайдалана алмайды. Ол заңсыз болады.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7YK1GZ-erB8[/youtube]