Жылдың үздік ауруханасы анықталды

Шымкентте жылдың  үздік медицина мекемесі анықталды. Бұл марапат қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасына берілді. Жыл бойына мол жетістікке жетіп, оң істер атқарған аурухана ұжымының басты еңбегі – бүйрек трансплантациясы. Жыл бойына кәріс әріптестерімен бірге 11 азаматтың бүйрегін ауыстырған аурухана дәрігерлері осы жылы бұл жұмысты өздері жасауға бел буып отыр.

01

03

02

Бұған қоса аурухана дәрігерлері өткен жылы мидың қатерлі ісігіне де ота жасауды бастаған.

Әбдіғаппар Айнабеков, Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары: «Өткен жылдың соңына таман алынған соңғы үлгідегі құрылғы бар. Осы аппарат арқылы әзірге осы біздің ауруханада ғана мидың қатерлі ісіктеріне оталар жасалып жатыр. Қазіргі таңға дейін 10 операция жасалды. Ол да өз нәтижесін беріп отыр.»