Түркістанда «Жыл үздігі-2022» марапатталды

62

Түркістан облысының экономикалық дамуына өз үлесін қосқан жандардың еңбегі еленді. Өңір басшысы салтанатты түрде «Жыл үздігі-2022» аталымына ие азаматтарды арнайы дипломмен марапаттады. Шара барысында 43 аталым бойынша жыл үздігі анықталды. 

Түркістан облысының жыл үздігі анықталды. Білім саласында талмай еңбек етіп жүрген Айдос Қуатов 2022 жылдың 1Үздік ұстазы1 атағына ие болды. Ол Кентау қаласындағы Білім инновация лицейінде биология пәнінен сабақ береді. Оның білім беріп жатқан оқушылары халықаралық олимпиадалардан жақсы көрсеткішке жетіп, шетелде оқып жатыр екен.

Айдос Қуатов, биология пәні мұғалімі: «Ұстаздарға талмас қайрат, ерік-жігер тілеймін. Ұстаздық жүректен шықпаса өте ауыр жұмыс. Егер шынымен жүрекпен қаласа осы саланы, оқушылар аладында да сыйы болады»7

Салтанатты жиында білім, мәдениет, денсаулық, спорт сынды 43 номинация бойынша үздік мамандар марапатталды. Облыс әкімі жастар қашан да еліміз бен өңіріміздің дамуына өз үлестерін тигізетініне сенім білдірді.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: “Түркістанды түркітілдес елдердің рухани-мәдени астанасы етіп, туризм орталығы ретінде ары қарай дамыту – сіз бен біздің парыз! Біз Сіздер секілді көшбасшылармен, қайраткерлермен бірге Жаңа Қазақстанды, Жаңа Түркістанды дамытамыз! Марапаттарыңыз құтты болсын!”.

Шара барысында облыстың дамуына үлесін қосып жүрген жандарға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, еңбек адамдарына арнап республикаға танымал әншілер мен өнер ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынды.