Жаңалықтар 

Әлеуметтік жәрдем алу үшін Шымкентте туысың болуы керек

Сайрам ауылынан Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қосылатын тұрғындар шаһарднан туысқан іздейтін болды. 100 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдың халқы бұл қадамға әлеуметтік жәрдемақы алу үшін барады. Себебі, ауылдан қала құрамына енетіндердің барлығы тұрғын үйдің құжаттарын қайта рәсімдеуі тиіс. Ал оған біршама уақыт керек. Амалы құрыған Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары осындай кеңес айтты. Сайрам ауылында Еңбекші ауданы әкімі халықпен кездесті.

Сайрамдықтар құжаттарын қайта рәсімдеу үшін сенделіп, Шымкент қаласына бармаймыз, жоқ туысты іздемейміз. Осы ауылдағы халыққа қызымет көрсету орталығында рәсімдейміз құжатты және оны қайта тіркеуден өткізу үшін теңге төлеу тыйылсын дейді. Онсызда 25 пайыздық ауылдық жеңілдіктен қағылған тұрғындардың енді әлеуметтік жәрдемақының әуре-сарсаңына түсетін түрі бар.

Сайрам ауданынан Шымкент қаласына өтеді деген елдімекендердің тізімдерімен жақсы қанық аудан әкімдері сол ауылдардың қажетіне қаражат бөлуді тоқтатқан. Содан да болар, Сайрам селосында тазалық, жол, жарық мәселелері ушығып тұр. “Шаһарға қосылғанымызға қуаныштымыз, бірақ, мүйіз сұраймыз деп, құлақтарн айрылатын түріміз бар .Әупірімдеп әрең реттелген құжаттарды қайта құшақтап жүретін күн туды” дейді ақсақалдар.

Халықтың сансыз сауалына көпшілікпен кездесуге кегендердің бірде-бірі нақты жауап бере алмады. “Бәрі жүйелеп, кезең-кезеңімен жоспарлы шешіледі” дейді мамандар. Осылайша жиынға келген көпшілік көкейіндегі бір ғана “Қашан?” деген сауалға жауап ала алмай қайтты.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz