Қорғасын зауыты ұзақ жылдар бойы қоршаған ортаны ластап, тұрғындардың денсаулығына зардабын тигізіп келгені белгілі. Енді біраз уақыттан бері сол түрлі ауруларды қоздыруға себеп болған зауыт жабылған. Қазір осы маңайда тұратындар денсаулығымыз біршама жақсарды деп отыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=TaKDb56HkH4[/youtube]
Қалмұратовтар отбасының қорғасын зауытына іргелес жайғасқанына 6 жылдан асқан. 2008 жылы көпбалалы жанұя осы елдіменкеннен үй алған кезде отанасы Зарина ауыр экологиялық жағдайдан зардап келеді деп сары уайымға салынған екен. Бірақ оның басқа амалы болған жоқ. Себебі Шымқаланың өзге шағынаудандарынан үй алуға әлеуметтік жағдайы жетпейтін.
Зарина Қалмұратова, қала тұрғыны: «Бізге бұл баспананы берген кезде, шынымды айтайын, аса қуанған жоқпын. Зауыттың да қызу жұмыс жасап тұрған кезі еді. Балаларымның денсаулықтарына алаңдап, оларды көшеге шығарудан қалдым. Ал қазір зауыттың жабылуына байланысты ауа тазарған сияқты.»
Бейоргникалық және қорғасын қалдықтары тасталатын алып өндіріс орнының адам ағзасындағы тыныс алу жолдарына тигізген залалы аз болмаған. Тіпті дене терісінің дертін қоздырып, түрлі аурулар тарататын дейді зертхана мамандары. Олардың сөзіне сенсек, қорғасын зауыты жұмысын тоқтата сала облыста жұқпалы ауруға шалдыққан науқастардың саны азайыпты. Айтпақшы, қалада ауаның сапасын тексеретін экобекеттер күн сайын арнайы сынама алады.
Ольга Шеляева, экологиялық бекеттің бақылаушысы: «Қазіргі уақытта зауыттың жабылуы қоғамға пайдалы жағынан әсер етіп отыр. Ауа қалыпты жағдайда. Тіпті зиянды ешқандай қалдықтар да табылып жатқан жоқ.»
Айтпақшы, жерлестеріміздің денсаулығы мәселесі қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің мамандарын да алаңдатқан. Министр Нұрлан Қаппаров Шымқалаға соңғы рет келгенінде зиянкес қалдықтардан қорғану жолын да сұрастарған еді. Бірақ, «Оңтүстік түсті металл» кәсіпорнының басшылығы мен облыс әкімінің арасында келіспеушілік туындап, өндіріс қалдықтарын жою мәселесі әлі күнге дейін кейінге ысырылып келеді.