«Қызым, саған айтамын…»

871
Бойжеткендер мен мамандардың ойы бір арнада тоғысты
Бойжеткендер мен мамандардың ойы бір арнада тоғысты

Оңтүстікте жылына 80 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Оның 200-ден астамы кәмілет жасына толмай жүкті болғандардың үлесінде. Мамандардың айтуынша, жыл сайын облыста 14-16 жас аралығындағы 500-ге жуық қыз қауіпті түсік жастады екен. Ерте жүкті болатын жастардың жауапсыздығы мен сауатсыздығы орны толмас қайғыға әкеледі. Осы өзекті мәселенің айналасында «Оңтүстік Рабат» газеті  ұйымдастырған дөңгелек үстелде дәрігерлер мен мектеп оқушылары ой өрбітті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bSxOkMTChtE[/youtube]

Қызым саған айтамын...
Қызым, саған айтамын… 
Бойжеткендер мен мамандардың ойы бір арнада тоғысты
Бойжеткендер мен мамандардың ойы бір арнада тоғысты

Шараға облыстық «Әжелер алқасы» қоғамдық ұйымының төрайымы Үрзада Айтөреева, ООБ «Арнайы білім беру және тәрбие жұмысын дамыту» бөлімінің жетекші маманы Марина Жаңабаева, психолог Зәурет Қабылбекова, Шымкент қалалық №1 емхананың акушер-гинекологы Ұлбала Өмірәлиева, Шымкент қалалық №2 перзентхананың акушер-гинекологы Гүлмира Түймебаева және Ыбырай Алтынсарин атындағы   №65 гимназия  директорының орынбасары Ләззат Әлсейітова қатысты.

Оқушылар мен студенттер алдыңғы буын апаларының кеңесін тыңдап отыр
Оқушылар мен студенттер алдыңғы буын апаларының кеңесін тыңдап отыр

Сондай-ақ, жиында студент жастар мен оқушыларда болды. Мұндағы мақсат — жасөспірімдердің арасындағы ерте жыныстық қатынастың алдын алып, жыныстық жолмен берілетін аурудың таралуын болдырмау. Мамандардың қатысуымен өткен бас қосудаға қатысқан бойжеткендер көкейлерінде жүрген сауалдарды жасқанбай қоя білді.

Аудиторияның сұрақтары жауапсыз қалмады
Сұрақтар жауапсыз қалмады

Ал мамандар жастардың сұрақтарына тұщымды жауап беруге тырысты. Осылайша, аудитория мен қонақтардың арасында тығыз қатынас орнап, бойжеткендер анасынан сұрауға қысылатын сұрақтарына жауап алды.

журналист - Ғалиябану Бижанова "Қызды қырық үйден тыйю керек..."
Журналист Ғалиябану Бижанова: «Қызды қырық үйден тыю керек»
 акушер-гинеколог Ұлбала Өмірәлиева "Түсік жасарқан бойжеткеннің бала туу қабілеті нашарлайды"
Акушер-гинеколог Ұлбала Өмірәлиева: «Түсік жасатқан бойжеткеннің бала туу қабілеті нашарлайды»
психолог Зәурет Қабылбекова "Қыздың қателікке бой алдыруына анасымен сырласпағаны себеп"
Психолог Зәурет Қабылбекова: «Қыздың қателікке бой алдыруына, көбінесе, анасымен сырласпағаны себеп»

IMG_4573

"Әжелер алқасының" төрайымы Үрзада Айтөреева "Арын сақтай алмаған қыз бүкіл әулеттің бетіне қара күйе жағады"
«Әжелер алқасының» төрайымы Үрзада Айтөреева: «Арын сақтай алмаған қыз бүкіл әулеттің бетіне қара күйе жағады»

Шараға жиналған көпшілік қауым тек қызды айыптай бермей, келеңсіз жәйттердің алдын алу керек екенін атты.  Осы ретте мамандар қыздардың басына жиі түсетін келеңсіз жағдайлардың шешілу жолдарын да ортаға жайып салды. Ал ұйымдастырушылар тарапы алдағы уақытта да осындай басқосуларға тек бойжеткендердің ғана емес, ер-азаматтарды да, ата-аналар мен әжелерді де жұмылдыруға ниетті екенін жасырмады. Алдағы уақытта «Қызым, саған айтам…» жобасының телевизиялық және газеттік нұсқасы көпшілік назарына ұсынылады.