Әйел заты әшекейімен әдемі. Күнгейде қыз-келіншектің ажарына ажар қосатын әшекей бұйымдардың көрмесі өтті. Қолөнер шеберлері ұсынған бұйымдар «Алтын орда» галереясына қойылып, осында сауда жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. Облысымызға белгілі 15 шебердің қатысуымен талай дүниенің тұсауы кесілді. Шара 6-наурызға дейін жалғасады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=0xVtt2kIZWs[/youtube]
Галереяға кірген бойда өзіңізді шығыс базарында жүргендей сезінесіз. Экспозицяда сырға, білезік, алқа мен моншақ, шашбау сынды зергерлік бұйымдар мен арнайы кәдесыйлар бар. Ұйымдастырушылар бұл дүниелерді кез келген адамның сатып алуына болады деп сендіреді. Сапалы әрі ерекше тауардың бағасы қымбат емес. Анасына, әпке-жеңгесіне, қарындасы мен сүйіктісіне сыйлық іздегендер көрмеден қажеттісін таба алады.