«Қыз еркем-арулармен көркем»

659
Аруларға арналған көрме ашылды

«Қыз еркем-арулармен көркем». ОҚО тарихи -өлкетану мұражайында бүгін ерекше көрме ашылды. Мұнда ҚР суретшілер одағына мүше арулардың 40- тан астам қолөнер бұйымдары мен суреттері қойылған.  Олардың туындылары да ерекшеледі. Әйел затының мейірімі мен сұлулығынан сыр шертеді. Көрмені тамашалауға келгендер де көп болды. 

"Әйел бақыты" картинасы да көрменің төіренен орын алды
«Әйел бақыты» картинасы да көрменің төрінен орын алды

Айдана Сүлейменова, студент: «Арнайы келіп отырмын көрмеге. Шынымды айтсам, мұндай туындыларды тамашалааймын деп ойлмаған да едім. Шынайы шыққаны соншалықты, арулырдың бар сулулығын бойына жиған суреттер де қойылыпты. Біздің жанымыз сұлулуыққа құмар ғой. Сондықтан болса керек, көз ала алмай қалдым. Мен дәл қазіргі уақытта дизайнер мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Болашақта менің де туындыларым осындай көрмелердің төрінен орын алғанын қалаймын».

Мақсат Барлыбаев, студент: «Ия, біз жігіт болған соң әйел жанын түсіне бермеуіміз мүмкін. Бірақ аналармызыдың бізге деген қамқорлығы бейнеленген еңбектерді көріп, жігіт болсам да көзіме жас үйірілді. Бұл анаға деген құрметіміз деп білемін. Сонымен қоса бүгін тек әйел адамдарының шығармалары қойылыпты. Сол кісілерге шын жүректен алғысымды білдіремін. Өте керемет! Бұл көрмеге достармымен келіп отырмын, сондықтан естелік болсын деп суретке де түсіп жатырмыз».

«Аналық», «Әйел қасиеті», «Мұңлық-Зарлық», «Сұлулық сыры», «Жанұя бақыты», «Наурыз Ару», «Әлия»  сынды туындылар қойылған көрме бір-біріне ұқсамай өрнектелген, боялған, бірақ жалғыз ғана ұқсастық – «Әйел-Ана-Ару» ұғымының астасуында. Ал осындай еңбектердің авторы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері Майра Дәуренбаеваның да туындылары бұл күні көрмеден орын алды. Суретші  өз еңбектерінде әйелдің жүрегі мен көңілінжеткізуге тырыстым дейді.

Майра Дәуренбаева көрмеде шығармаларым орын алғанына қуаныштымын дейді
Майра Дәуренбаева көрмеде шығармаларым орын алғанына қуаныштымын дейді

Майра Дәуренбаева, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі: «Мұнда менің «Әйел бақыты» атты еңбегім қойылып отыр. Екі баласын құшағына алған ана бейнесі – талай сырды ұқтырады деп ойлаймын. Суретті салу үшін 2 күн уақытымды жұмсадым. Ұялы телефонымды сөндіріп, есік-терезені жауып, үйдегілерден мені мазаламауын өтініп, жалғыз қалып, әйел болмысын суреттедім. Бауырмалдық пен мейірбандылық, перзенттеріне деген шексіз махаббат та осы шығармамда көрініс тапты деген сенімдемін. Бағасын көпшілік айта жатар».

Тәңірдің адамзатқа тарту еткен сұлулығын қылқаламның құдіретімен жеткізген суретшілер бұл күні  сырлы суреттің сал-алуан бояуының өзі әйел табиғатын бейнелей алатынын тағы да дәлелдеді.

Айта кетейік, арнайы шара аясында ОҚО тарихи-өлкетану мұражайы мен көркемсурет галереясының басшылығы суретші әйелдерді арнайы сыймен марапаттап, мерекемен құттықтады.