Өз қызын ұрып өлтірген ана ұсталды

308
Шұғыл түсірілім

Шымкентте жаға ұстатар жағдай орын алды. Жас әйел өзінің сәбиін сабап өлтірді. Алған ауыр соққының салдарынан екі жасар нәресте шетінеп кетті. Ал оның 4 жасар әпкесі ауыр халде ауруханада жатыр.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Естіген адамның жағасын ұстатқан жағдай 20-наурыз күні орын алған. Нұрсәттегі балалар ауруханасына ауыр жарақат алған 4 жасар бүлдіршін жеткізілді. Оны ауыр халде жедел жәрдем дәрігерлері алып келіпті.

Тимур Бегманов, облыстық балалар ауруханасының нейрохирургы: «Бізге жеткізілген кезде жас қыз есін білмейді, комада жатыр. Бет-аузы көгерген, бұл — бір күндік жарақат емес. Жансақтау бөліміне жатқыздық. Бүгінде есіне келе бастады. Бөлімшеге ауыстыруға дайындап жатырмыз. Диагнозы — жабық бас-ми жарақаты, бірінші дәрежелі ми шайқалуы, дене көгеруі, сырылуы…»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=gMGXZhDQEqU[/youtube]

Сол күні-ақ күдікті азаматша қолға түсті. Ол — Шымкенттің 38 жастағы тұрғыны болып шыққан. Тәртіп сақшылары анықтағандай, сормаңдай әйел күйеуімен ажырасқалы жүр екен. Соның ашуын еш күнәсіз балаларынан алыпты. Өзі сол күні ішіп алғанын да мойындап отырған көрінеді.

Салтанат Қаракөзова, облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жетекшісі: «Күдіктінің айтуынша, ол күйеуімен ажырасып жатқан екен. Сондықтан осы жағдайды балаларынан көрген. Сол күні ішіп алып, балаларын ұрған.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ry-YtSj2CjU[/youtube]

Қазіргі таңда қаніпезер әйел қамауда жатыр. Тергеу барысында ол өз әрекетіне өкінетінін жеткізді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=_af_4JRQBSE[/youtube]