Жиһаздар да жүзеді екен

580

Кеше іс-сапармен Сырдария бойындағы жағдайды түсіруге барғанбыз. Арыс өзенінің үстімен өтіп бара жатып, көзім қызық бір көріністі шалып қалды. Қараңызшы, суда үш диван қатарымен ағып барады. «Бұл не қылған жиһаз?» екен дейді қасымдағы телеоператор Нұрғали Қошаналиев.

005

003

 

Мен қалжыңға салып, «Күн жылынды ғой. Іскер азаматтар ақша табу үшін демалыстың жаңа түрін ойластырған болар. Мейрамханаларда қадірлі қонақтар келетін бөлмелерді қымбат жиһаздармен әспеттейді емес пе? Ол жерде отырсаң, әр сағатына әжептәуір ақша төлейсің. Мұнда да сондай бір ақылы жүйе ойластырылған шығар» деп қоямын. Сол сәтті құр жібермей, өзенді бойлап жүзген жиһаздарды суретке түсіріп алдым.

004

002

 

Әрине, бұл адамдардың Табиғат-анаға жасаған тағы бір қиянаты. Басқаша қалай айтуға болады? Ағын суға күл-қоқысты қойып, жиһаз тастауға көшкен болар!? «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» демекші, Арыс қаласының әр бұрышына әдеппен «Айналайын, қоқыс тастама» деген ескертулер жазылған. Мұны әзірге елеп жатқан жерлестеріміз жоқ секілді. Ендігі жерде мұндай орындарға арнайы бейнекамералар қойып, қоқыс тастаушыларға қомақты айыппұл салатын боламыз дейді Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ербол Ақтаев.