Ескі көліктер ауаны ластауда

566
сапасыз бензиннен де қауіп көп

Кеңес кезіндегідей қаланы будақтаған түтінге орап жатқан кәсіпорындар болмаса да ауа таза емес. Себебі, ауаны ластайтын көліктер саны жылдан-жылға көбейіп барады. Әсіресе, сапасыз жанармайдың ауаға кері әсер мол дейді экологтар.

сапасыз бензиннен де қауіп көп
сапасыз бензиннен де қауіп көп

Көліктерден бөлінетін улы газдың залалы түтінін будақтатқан кәсіпорындардан кем түспей тұр. Әсіресе, ескірген қоғамдық көліктерден қауіп көп. Экологтар бұл орайда жергілікті автопарк басшыларынан жауапкершілікті талап етеді. Бүгінде нарықта сапасы күмәнді жанармай жеткілікті. Бағасы қалтаға қолайлы сол жанармайдың қоршаған ортаға тигізер зияны зор. Алдағы уақытта экологиялық бекеттердің мамандары жаңаша құралдардың көмегімен жанармайдан бөлінетін ағзаға қауіпті ауыр металдың деңгейін анықтай алады.

Өкінішке қарай, қорғасын зауытының аумағы мен цемент зауытының маңы әлі де ауаны ластайтын негізгі нүктелер ретінде қаралады. Жергілікті экологтар қаланың ең төменгі бөлігі — Ордабасы шағынауданындағы ауаны да экологиялық талаптарға сай келмейді деп отыр. Мұнда оксид азотының деңгейі жоғары.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hhM0pzot_iI[/youtube]