«Изуми» өз тұтынушыларын Наурыз мерекесімен құттықтады

395
"Изуми"сауда жүйесінде жаңа жылдық ұтыс

Жанданған би, әсем әндер, түрлі байқаулар, бәрінен бұрын сыйлықтар топтамасы. Мұның барлығын көктем мезгілінің мерекелі күндері «Изуми» сауда желісі өз тұтынушылары үшін ұсынды. Мерекелік шара аясында ұтыс ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаздар өз олжаларын иемденіп қайтты.

"Изуми"сауда жүйесінде жаңа жылдық ұтыс

«Изуми» сауда желісінде жерлестеріміздің қатысуымен мерекелік ұтыс ойындары ойналды. Фирмалық киімдер, дисконттық карталар, «Изумидің» өнімдерін иемденуге берілетін сертификаттар — ұтыс сыйларын иемдену қиын болған жоқ. Бұл үшін қаламыздағы 6 бірдей «Изумидің» дүкенінің бірінің клиенті болсаңыз, жеткілікті. Айтпақшы, ұтыс ойынына мыңнан аса сыйлық тігілген.

Өмірәлі Ералиев, «Изуми» сауда желісінің директоры: «Наурыз мерекесінің құрметіне біз тұтынушыларымызбен ерекше ұтыс ойынын ойнағанды жөн көрдік. Сыйлықтар көп, бірақ ең басты сый — ол тұтынушыларымыздың екеуіне Түркия еліне жолдама беріледі.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=h9ji9xxlBVg[/youtube]

Көп ұзамай бас бәйгенің иегері де анықталды. Оны жерлесіміз Венера Иманова иеленді. Бойжеткен 1 жылдан бері «Изумидің» тұрақты тұтынушысына айналыпты. Бірақ ойынға алғаш рет қатысқан ару мұндай сыйды күтпесе керек.

Венера Иманова: «Күтпеген сый! Мен алғашында сенген де жоқпын. «Изуми» сауда желісінің басшылығына айтар алғысым шексіз!»

Түркия еліне екінші жолдама 23 жастағы Нұрислам Сәдуақасқа бұйырды. Жас жігіт «Изуми» тек сапалы өнімді ғана ұсынған жоқ, менің арманымды орындады деп ағынан жарылды.

Нұрислам Сәдуақас: «Мен көптен бері шетелге барып демалуды армандап жүр едім. Енді, міне, «Изумидің» көмегімен Түркияға саяхаттап қайтатын болдым. Көп рахмет! Бұл менің осыған дейін Наурыз мерекесінде алған сыйларымның алды болды.»

"Изуми"-де жаңа жеңілдіктер

Ұлыстың ұлы күнінде «Изуми» сауда желісінің тұтынушылар ғана сыйлыққа ие болмады. Сауда орталығының басшылығы үшін мұқтаж жандарға көмек қолын созу да дәстүрлі шараға айналған. Осы Наурыз мерекесі құрметіне орай, әлеуметтік жағдайы төмен 20 бірдей отбасы азық-түлікке толы себетке ие болды.