Наурыз айтысының жеңімпаздары анықталды

983
Маржан Есжанов бас жүлде иегері

Шымкентте өткен Наурыз айтысы өз мәресіне жетті. Ақтық сынға 22 ақынның он екісі ғана жолдама алған еді. Олар Қалижан Білдәшов, Кәрима Оралова, Анар Жаппарқұлова, Тұрар Тілеулиев, Маржан Есжанова, Жарқынбек Наушабек, Біржан Байтуов, Асхат Садықбек, Қажымұхан Абзалов, Нұрлан Есенқұлов, Гүлзия Қалымбетова, Қуаныш Тастанов болатын.

Ақтық сынға 12 ақын жолдама алған
Ақтық сынға 12 ақын жолдама алған

Облыстық Наурыз айтысының бас жүлдесіне 500 мың теңге қаржылай сыйақы тағайындалған. Оны отауызды ақын Маржан Есжанова жеңіп алды. Бірінші орынды жасындай жырларымен аламанның алғашқы күнінде-ақ көптің қошеметіне ие болған Қажымұхан Абзалов еншіледі. Жүлделі 2-орыннан (200 мың теңге) ордабасылық ақын Асхат Садықбек пен Арыстың ақыны Нұрлан Есенқұлв көрінді. Ал 3-орынға (100 мың теңге) Сарыағаштың серісі Жарқынбек Наушабек пен шымкенттік таланттар Анар Жаппарқұлова, Біржан Байтуовтар лайық деп табылды.

Өзге қатысушылар да сый-кәдеден шет қалмады. Олар 30 мың теңгеден иемденіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Биылғы айтулы аламан қамшы салдырмай жүрген жас ақындардың ақтық мәреде оза шабуымен де ерекшеленді. Айта кетейік, осы  айтыста бүгінге дейін қылыштан өткір жырларымен өнерсүйер қауымға танылған ақын Маржан Есжанова айтыс сахнасымен біржола қош айтысатынын жеткізді. Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын көпшілік Маржан ақынға қол соғып, құрмет-ықаласына бөледі.

Қуаныш Тастанов Көпбай Омаров атындағы арнайы сыйдың иегері атанды
Қуаныш Тастанов Көпбай Омаров атындағы арнайы сыйдың иегері атанды
Тұрар Тілеулиев те арнайы сыйлықпен марапатталды
Тұрар Тілеулиев те арнайы сыйлықпен марапатталды
Гүлзия Қалымбетова
Гүлзия Қалымбетова
Біржан Байтуов 3-орыннан көрінді
Біржан Байтуов 3-орыннан көрінді
Асхат Садықбек 2-орынды иеленді
Асхат Садықбек 2-орынды иеленді
Нұрлан Есенқұлов 2-орынды иемденді
Нұрлан Есенқұлов 2-орынды иемденді
Қажымұхан Абзалов 1-орынды жеңіп алды
Қажымұхан Абзалов 1-орынды жеңіп алды
Маржан Есжанов бас жүлде иегері
Маржан Есжанов — бас жүлде иегері

Маржан Есжанова, бас жүлде иегері: «Алғашында ойланып, ойға бекінген кезде көзім жасқа толды. 25 жыл бойы өзім достасқан айтыс сахнасымен қоштасуға тура келіп отыр. Қимаймын, әрине. Әлі де ойлансам, қатты қиналамын. Бірақ, қазіргі жастарға көңілім толады. Ендігі айтыс өнерінің тізгінін де басқаратын солар. Сондықтан Мағжан ағамызша айтсам — мен жастарға сенемін! Жас ақындарға орынды босататын жасқа да жеттім. Өзім осы Наурыз айтысына келгенде сахнада соңғы рет өнер көрсетуім деп дайындалып келген едім. Енді, міне, Жарқынбек екеуміз ойдағыдай айтысты көпке ұсына алдық деп сенемін! Бас жүлде беріп жатыр, міне. Бұл айтыстың базарынан алған бағам деп білемін!»