«Кітапхана қазынасы — Отырарға» акциясы жалғасып жатыр. Бүгін Түркістан қаласы әкімшілігі мен мәдениет бөлімі облыстық «Отырар» кітапханасына 7000 дана кітап әкеліп тапсырды.
Гүлзада Малдыбекова, Түркістан орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры: «Алдағы уақытта да бұл шара жалғасын табады. Ал бұл кітаптар 10 күннің ішінде жинақталды. Көркем әдебиеттер әкелдік. Білім саласына қажетті оқулықтарды да жеткіздік. Бірақ бүгінгі әкелген кітаптарымыздың ішінде өзіміздің Түркістан қаласындағы жергілікті ақын-жазушыларының кітаптары басым.»
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=6Txkxa_K1AU[/youtube]
Еңбектердің көбін көркем әдебиет пен тарихи шығармалар құрап отыр. Мұнша кітапты жинауға Түркістан қалалық мәдениет бөлімі, мектептегі және елдімекендердегі шағын кітапханалар да үлесін қосқан. Айта кетейік, бүгінде облыстық мәденитет ошағының 560 мыңнан астам кітап қоры бар. Бұдан бөлек «Кітапхана қазынасы — Отырарға» акциясы аясында тоғыз мыңнан астам кітап осы еңбектердің қатарын толықтырған.
Закира Пәрімбекова, «Отырар» кітапханасының директоры: «Көбісі көркем әдебиеттер әкеліп жатыр, орыс тілінде, қазақ тілінде. Ал негізінде бұл акция жылдың аяғына дейін жүреді. Соған байланысты егер кітаптарыңыз, әр сала бойынша оқулықтар болса, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені сұраныс көп.»