Жақыныңызға көңіл бөліп жүрсіз бе?

«Көңіл гүлдей нәзік.» Облысымыздағы өзбек драма театры кезекті сахналық премьерасын осылай атауды жөн көріпті. Комедия жанрында сахналанған қойылым әрбір отбасында болатын күйкі тірлікті суреттейді.

өзбек театры

өзбек театры

Қойылым отандасқандарына ширек ғасыр болған ерлі-зайыптылардың оқиғасынан басталады. Жұбайына кенеттен гүл әкелген отағасының әрекетіне таң-тамаша болған зайыбы үлкен қуанышқа бөленеді. Алайда, 25 жылдық жұбайлық өмірдегі тұңғыш тосын сыйдың сыйлаудағы төркіні бәйбішенің көңілін қатты бұзады.

Тәжі Мұхаммед Исрайылов, қоюшы режиссер: «Қазіргі заманда ене мен келіннің, еркек пен әйел арасындағы отбасылық жағдайдың күрделеніп кеткені рас. Адамдардың бір-біріне көңіл бөлуі сиреген заман қазір. Сондықтан біз қойылымда осы көңіл мәселесін қозғадық. Өйткені, көңіл — өте нәзік. Тіпті, бір атым насыбайдан да көңілдің қалатыны рас.»

Көңіл қымбат. Ташкенттік автор Еркін Хушвақтов көрермендерге көңілдің бір атым насыбайдан да қалатынын комедия жанры арқылы ұқтырғысы келіпті. Сондай-ақ, ене мен келіннің, бауырлардың арасындағы татулықты да суреттейтін туынды ә дегеннен ақ көрерменнің жүрегіне жол таба кетті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=DWCyP99u1ZM[/youtube]

Баһадүр Нұрәлиев, көрермен: «Маған қойылым өте ұнады. Өйткені, өмір өтіп бара жатыр. Өмірде отбасына көңіл бөлуіміз керек. Қасыңдағы адамға көңіл бөлетін болсаң, ол да саған көңіл бөледі деп ойлаймын. Сол үшін де мұның философиялық мағынасы өте жоғары.»

Облыстық өзбек драма театрының әртістері сахналаған премьераның дайындығына 1 ай уақыт кеткен. Шығармашыл ұжым таяуда бұл туындыны Ташкентте де сахналауды жоспарлап отыр.

өзбек театры

өзбек театры

өзбек театры

өзбек театры

өзбек театры

өзбек театры