Зообақтың аң-құстары қыстан аман шықты

609
Зообақта

Қаладағы зообақ аң-құстары қыстан аман шықты. Оларға дербес жылыту қазандығы жылу берді. Тіпті хайуанаттар бағына өткен жылы Африкадан әкелінген жабайы сиыр (гну) да өздерін жақсы сезінеді. Айтпақшы, жуық арада түйе, арқар, прежевальский жылқылары төлдейді. Ал қара күшіген 5 жылдың ішінде алғаш рет балапан басып шығармақ.

Зообақта

Меруерт Елубаева, құстар бөлімінің меңгерушісі: «Бізде биыл тасқара жұмыртқа салуды бастады, 10-наурыз күні жұмыртқа салып, ұясында басып отыр. Олар 55-57 күн басады. Құдай қаласа, біздің есебіміз бойынша мамыр айының алғашқы аптасында балапан аламыз.»

Зообақта 297 құс бар
Зообақта 297 құс бар

Бұған қоса хайуанаттар бағына биыл Чехиядан Жако тотықұсы және Қырғызстаннан 2 сілеусін күшігі мен 10 тиін әкелінеді деп жоспарланыпты. Айта кетейік, бүгінде Шымкент зообағында аң-құстың 194 түрі бар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=CVILxFfCAfs[/youtube]