«Аймақтар аламанының» жеңімпаздары марапатталды

Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында «Аймақтар аламаны» республикалық телебайқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған гала-концерт өтті.

2

Тәуелсіздік мерекесіне орай «Хабар» телеарнасында «Аймақтар аламаны» республикалық телебайқауының екінші маусымы басталған болатын. Бұл жоба көрермендердің көзайымына айналып, 4 айға жуық көпшілікті көк жәшікке телміртті.

3

Аталған телебайқауға 14 облыстың өнерпаздары қатысып, ән, би, күйден бақ сынасты. Біздің облыстың өнерпаздары ширек, жартылай финалда өзге өңірдің  өнерпаздарынан басым түсіп, ақтық сайысқа жолдама алды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=UCsx0V8csG8[/youtube]

5

Алматылықтармен сынға түскен  Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Қазына» би ансамблі, әнші Нұржан Зұлпыхаров, күйші Шыңғыс Исаев бұл жолы да қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, бас жүлдені қанжығаға байлап қайтты.

4

Әшірбек Сығай, театр сыншысы: «Жаңалықсыз өнер – тұл. Өсуімен, ілгерілеуімен, дамуымен құнды. Білесіздер, былтырғы жылдың бедерінде Оңтүстік Қазақстан облысы финалға ілінбей қалды. Сүрінді. Ал биыл озып шыққанда, өзім таңғалдым. Таңғалудың қажеті де жоқ шығар. Өйткені, осыншама қазақтың ең мейегі орналасқан, үш миллионнан тұрғыны бар өңірден кімді іздесең де табасың. Оңтүстікке сөз ергіш, «Ой, олар тартып алады немесе сатып алады» дегендей. Соның барлығына «Қазына» би ансамблі құм құйып, қарсы тұрды деп ойлаймын.»

6

1
7
8

Бүгінгі гала концертте облыстың өнерпаздары жиналған қауымды әуезді әнімен баурады. Мың бұралған биімен, күмбірлеген күйімен көптің көңілінен шықты.