Облыс әзілкештері жаңа қойылым қойды

381
Жаны ақшаға жақын жан

Метранпаж деген не? Драматургиясына осы атау арқау болған шығарма облыстық сатира және әзіл-ысқақ театрында сахналанды. Қойылым режиссері – алматылық Ержан Қауланов. Орыс драматургы Александар Вампиловтың 1960 жылдары жазылған «Метранпаж» атты пьессасының оқиғасы қонақ үйде орын алады. Басты кейіпкері де «Тайга» қонақ үйінің қожайыны.

Жаны ақшаға жақын жан
Жаны ақшаға жақын жан

Ержан Қауланов, режиссер: «Қойылымның мақсаты – қазір көптеген адамдар өз құқықтарн біле бермейді. Тіпті оларға заңсыз жасалған айыппен де келісіп кете береді.  Соның салдарынан талай жерде шатасып та жатады. Шығарманың айтар ойы – тізденіп, оқу керек. «Атақ, ақшадан арларың таза болсын» деген автордың сөздері бар. Пьесаны қоюда мен автордың ойын барынша ашуға тырыстым. Сюжет өзгеріске ұшыраған жоқ.»

Қонақ үйге келган метранпажбен қақтығысқа түсіп, кейін оның бойын үрей билейді. Басы бір пәлеге қалғанын сезген ол, проблемадан құтылу үшін түрлі құйтырқы амалдарға барады. Тіпті, өзін жынды етіп көрсеткісі де келеді. Драматург қойылымда басты кейіпкер арқылы өмір бойы сауатсыздығын көрсетпеуге тырысқан қараңғы наданды бейнелейді. Спектакль соңында метранпаж бұл – баспаханада әріп теруші екені анық болады.