Көлігінде қысылып қалған жігітті құтқарушылар алып шықты (видео)

276

Таяуда Шымкентте орын алған жол апатында құтқарушылардың көмегі қажет болды. Оқиға «Айқап» шағынауданында болған. БМВ көлігінің жүргузішісі рөлді басқара алмай қалып, жолдан шығып кететі. Соның салдарынан БМВ жол шетіндегі үйдің қоршауына соғылған.

006 Соққының күшті болғаны соншалық, көліктің алдыңғы панелі артқа қарай сырғып кеткен. Соның салдарынан жүргізуші орындық пен панель арасында қысылып қалып қояды. Куәгерлер тез арада құтқарушылар мен жедел жәрдем дәрігерлеріне хабар берді. Оқиға орнына келген құтқарушылар арнайы құралды қолданып, жас жігітті көліктің ішінен алып шықты. Оған дәрігерлер көмек көрсетті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=iLOmoXvMuFk[/youtube]