Жаңалықтар 

“Мәңгілік даңқ” шеруіне қатысушылардың қатары көбейді

“Олар оралған жоқ!” атты бастаманың оқырманға жол тартқанына 3 ай болды. Осы уақыт аралығында редакцияға хабарласып, хат жолдап жатқандар көп. Арнамызға әдейлеп арнайы келетіндер де бар.

Солардың бірі Абдухамит Абдужаббаров. Екі бірдей ағасы соғысқа аттанып, қайтып оралмаған. Олардың жерленген жері белгісіз. Қолында тек үлкен ағасы Абдуқадыр Абдужаббаровтың полк басшысы, полковниктен келген қаралы қағазы бар.

Онда Украина түбіндегі шайқасқа қатысып, атқыштар полкінің аға командирі Абдуқадыр Абдужаббаровтің 1943 жылдың 30 қарашасында ерлікпен қаза болғаны туралы жазылған. Ал екінші ағасы Абдувахит Абдужаббаров Берлин түбінде кеудесін оққа тосып, жеңіс сыйлапты.

Абдуахатхамит Абдужаббаров: “Менің арманым олардың қай жерде жерленген, қандай наградалары барын білу. Олар туралы бізде ештеңе жоқ. Олардың суретін көтеріп шығуға, өмірбақи көтеріп жүруге дайынмын”.

Соғыстан қайтып оралмаған екі ағасының суретін көтеріп, олар туралы Украина газетінде жарияланған мақаласын арқалай келген кейіпкеріміз 9-мамыр күні “Мәңгілік даңқ” шеруіне қатыспақ.

Айта өтейік, қала әкімдігінің қолдауымен Отырар телеарнасы бастама көтерген шеруге қатысуға ниет білдіріп жатқандардың қатары күненнен күнге артып келеді.

 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz