Оқыс оқиға 

Үйдің шатырынан граната табылды

Шымкентте граната салынған сөмке табылды. 19-мамыр күні сағат шамамен 16:30-да Шымкент қалалық Абай полиция бөлімінің кезекшісіне Байтұқов көшесіндегі жеке тұрғын үйдің шатырынан граната салынған сөмке табылғаны жайлы хабар түскен.

Фотосурет ғаламтордан алынды
Фотосурет ғаламтордан алынды

Сөмкені үй аумағында құрылыс жүргізіп жатқан 21 жастағы құрылысшы тауып алыпты. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері қапшықтың ішіннен екі Ф-1 гранатасы мен 16 дана оқтың гильзаларын тапты. Бұған қоса бігіз бен тапаншаның қаптауышы да жатыр. Сараптама қорытындысы бойынша табылған граната оқу-жаттығуға арналғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта полицейлер сөмкенің үй шатырына қайдан келгенін анықтау үстінде.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz