«Томпақ» хикаясының екінші маусымы түсіріліп жатыр

1662
"Томпақ" мультихикаясының 2-маусымына 150 әртіс кастингке қатысқан

Телеарнада ғана емес, ғаламторда да тамашалаушылардың рекордтық көрсеткішіне ие болған «Томпақ» мультихикаясы жалғасады. Үстіміздегі жылы ел аумағында «Үздік жоба — 2013» сыйын иеленген 12 сериялы туындының еккінші маусымының түсірілімі Шымкентте басталып кетті. «Қазақстан аниматорлары қауымдастығы» мен «Сақ» киностудиясы бұл жолы жат планеталық «Томпақты» қалай ұсынады екен?

Арман Қарсыбаев
Арман Қарсыбаев

Басты кейіпкер — Тасболатты әдеттегідей Арман Қасымбеков сомдайды. Бүгінде №65 мектептің 8-сыныбында оқып жүрген 14 жасар жеткіншек жаңа маусымның түсіріліміне қуана келісіпті.

Арман Қасымбеков: «Көшеде жүрсем, мені көп адам танып жатады. Шынымды айтсам, танымалдылық маған өте ұнайды, жағымды. Болашақта оператор (таспагер) болсам деп армандаймын, кинотүсірілім саласында қызмет еткім келеді.»

Өткен жылы телехикая Оңтүстіктің Қазығұрт тауы, Қасқасу сынды табиғаты сұлу аймақтарында өрбіген. Оқиға желісінде «Томпақ» атты жат платнеталықпен бірге шытырман оқиғаларды басынан өткізетін Тасболат, Берiк және Есеттің жағдайлары баяндалады.

Әрқайсысы 30 минуттан тұратын 12 бөлімдік фильм 5 айдың ішінде түсірілсе, 2-маусымның түсіріліміне небәрі 3 ай уақыт беріліпті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Pg5JAMy1B6Q[/youtube]

Туындының режиссері Батырхан Дәуренбековтың айтуынша, бүгінде балалар хикаясын іздеп, хабарласушы балдырғандардың қатары көбейіп отыр.

Батырхан Дәуренбеков, «Томпақ» телехикаясының режиссері: «Интернет желісінде көптеген сұрақтар қойылып жатады. «Томпақ «бар ма? Біздің ауылға қашан келеді» деп, балалар қызығып сұрайды. Ал осы жолғы түсірілімнің ерекшелігі — өткен жылы тек Оңтүстік өңірінің табиғаты мен тарихын насихаттасақ, енді түсірілім еліміздің өзге де өңірлерінде жүреді. Мәселен, Көкшетау, Қызылорда облысы бар, Абайдың елі — Семейде боламыз деген ойдамыз.»

"Томпақ" мультихикаясының 2-маусымына 150 әртіс кастингке қатысқан
Екінші маусымның кастингіне 150 бала қатысып, іріктеуден 15-і өткен
Түсірілім Назарбаев зияткерлік мектебінде
Назарбаев зияткерлік мектебіндегі түсірілім
"Томпақ" бұл жолы да 12 бөлімнен құралмақ
«Томпақ» бұл жолы да 12 бөлімнен құралмақ

Әзірге «Томпақ» мультихикаясының алғашқы түсірілімдері қаламыздағы Назарбаев зияткерлік мектептерінде жүріп жатыр. Ал сценарий авторларының сөзіне сенсек, биылғы хикаяларға қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, қазақ эстардасының өкілдері «Мұзарт», Жұбаныш Жексенұлы мен ауыр атлетші Илья Ильин арнайы шақырылыпты.