«Жас ұланның» қатары толықты

2011 жылдың 11-ақпанында «Нұр Отан» партиясының ХІІІ сьезінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еліміздің жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас Ұлан» және Жас қыран» балалалар ұйымдарын құру туралы тапсырма берген болатын. Көп ұзамай ел Үкіметі жоғарыда аталған бірлестіктердің жұмысын бастау туралы шешім шығарды.

Изображение 581

Изображение 592

Изображение 588

Изображение 596

Шымкент қаласындағы 20 мектептің өнерлі, алғыр оқушылары «жасұландықтардың» қатарын толықтырды. Олардың мойындарына көк галстукті тағу қала әкімдігі мен білім бөлімінің басшыларына, мектеп директорларына, ата-аналар мен білім беру ісінің үздіктеріне жүктелді.

Изображение 603

Изображение 604

Изображение 612

Изображение 624

Изображение 627

Жүздері бал-бұл жанған ұл-қыздар Отанды сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, табиғатты аялауға ант берді.

Изображение 630

Изображение 634

«Жас Ұлан» ұйымы – Елбасымыздың Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ұсынған тамаша идеясы. Кеңестік кезеңде балалардың октябрят, пионер деген ұйымдары болды. Пионерлер жасы кішілерге көмек көрсетіп, түрлі шараларға белсене араласып, жасыл желектер отырғызып, қарттарға қамқор болатын. «Әрқашан да дайынбыз» ұранын алға ұстанған біздерді октябрят пен пионер ұйымдары тәрбиеледі» дейді ұлағатты ұстаз Гүлмира Нұржанова.

Изображение 647

Изображение 651

Изображение 659

Изображение 673

«Жас Ұлан» ұйымының міндеті айқын, мақсаты биік. Жүктелген міндеттер сөз жүзінде қалмай, іс жүзінде жүзеге асып жатса, отансүйгіш, өз ісіне ұқыпты қарайтын, тәртіпті, саналы оқушылардың қатары көбейетіні анық.