Қазығұрттықтар жайылымнан айрылып отыр

409
Пердеш Қыдырбаев 1 түнде ел малын жайып отырған 35 гектер жерді жыртқызған

Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауыл әкімдігі округіне қарасты Қазақстанның 20 жылдығының тұрғындары жайылым жерінен айрылып отыр. Жергілікті азаматтың бірі жерге құжатым бар деп, оны өзі пайдалануға көшкен. Ал ауылдың тұрғындары қордағы малын қайда жаярын білмей дал болып отыр.

Ауыл қойшысы
Қойшы жыртылған жерде отыр

Жеті жүзден аса тұрғыны бар ауылдың жан бағуда негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Он баланың анасы, 70 жасқа таянған Ұлбала Бекжанованың жанұясы мемлекеттен несие алып, құрт, майымен кәсібін дөңгелетіп отырған отбасы.

Бекжанова Ұлбала: «Он сиыр сатып алған едік. Енді соны жаятын жер жоқ. Қайтіп жаямыз, солардың төбесіне жаямыз ба?»

Тұрғындардың айтуы бойынша, ауыл азаматы Пердеш Қыдырбаев «Менің бұл жерге құжатым бар» деп, сәуір айында 86 гектар жайылымның 35 гектарын жыртқызып тастаған. Тұрғындардың бұрыннан ортақ пайдаланып келген жерді ел игілігіне қайтару және жаңағы азаматты іс-әрекеті үшін жауапқа тартуға байланысты талабына құзырлы оргының жауабы басқа.

Дүйсебек Бердібеков, Қазақстан 20 жылдығы ауылының биі: «Қазығұрт ауданы прокуратурасының берген жауабы бойынша Қыдырбаев Пердеш түн жамылып келіп, екі К-700 тракторын жалдаған. Содан егістікке берілген 5 гектар жерді аударамын деп, қателесіп, 35 гектарды айдап кетіпті-міс. Прокуратураның бізге берген жауабы – осы. Бұл, енді, ақылға симайтын нәрсе ғой.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=VXLkc2bwcHU[/youtube]

Ел қоныс тепкелі ауыл іргесіндегі 86 гектар жерді екі ауыл ортақ пайдаланып келеді. Бүгінде 2500-ға жуық ірі қара және ұсақ малы жайылып жүрген жердің иесі барын естіген тұрғындар анық-қанығына жетпек болғанда аудандық биліктен мардымды жауап ала алмаған екен. Тілшілердің түсіру тобының келгенін естіген билік өкілдері қарасын көрсетіп, былай деп халыққа нақты жауабын берді.

Талғат Тағаев, Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы: «Бұл жердің шшқандай иесі жоқ. Бос жатыр. Қазір картадан да көрсетіп берейін.»

Пердеш Қыдырбаев 1 түнде ел малын жайып отырған 35 гектер жерді жыртқызған

Билік өкілдері бұл жердің ресурстық көзі жайылымдық емес, егістік екенін айтады. Мұны халық алдағы уақыта да ортақ мүддесіне пайдалану үшін рәсімдеуі қажет екен. Ал тұрғындар аударылып, қарайған жерді қалпына келтіруде шөп немесе жоңышқа егіп беру талабы орындалмай, қоймаймыз дейді.