Жаңалықтар 

Кітапханашылар үшін жазғы оқу-тренингі басталды

Шымкентте кітапханашыларға арналған жазғы оқу тренингі басталды. Ауыл-аймақтан келген мамандар жаңа технологияны меңгеруге кіріскен. Кең жолақты ғаламторды тиімді қолдануды үйреніп, сандық және электронды кітаптармен танысып, кәсіби біліктілігін арттырып жатыр. Кітапханашыларға дәріс оқытуға облыстық “Отырар” кітапханасының тәжірибесі мол қызметкерлері бекітілген. Қазіргі уақытта таңғы сағат 9-00-ден , кешкі сағат 18-00-ге дейін үзіліссіз жазғы оқу сабағы қызмет етіп тұр. Оқу-жаттығу сабағы қыркүйек айына дейін жалағасады деп жоспарланыпты.

 

Кітапханашылар біліктілігін арттырып жатыр
Кітапханашылар біліктілігін арттырып жатыр

Меруерт Сарыпбекова, кітапханашы: “Мен Сайрам ауданындағы, Аққала ауылынан келіп отырмын. Сондағы кітапханада қызмет етемін. Ең бірінші интернет, жаңа программаларды үйреніп жатырмын. Бұл жерге келіп тағы да білімімізді кеңейтіп, бүгінге дейін тіпті түсінбеген дүниелерімізді  қолданудамыз. Жаңа технологияда жаңалықтар көп, соны біліп, ауыл жаққа барып оқырмандарымызды қызықтырып, сол үйренгендерімізді оқырмандарымызға түсіндіруді жоспарлап отырмын. Әрине, жаңа бағдарламамен қызмет ету – мақсатымыз”. 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz