Жалғыз өзі жиырма көлікті ұрлаған

291

Абай аудандық полиция бөлімінің сақшылары 20 автокөлік ұрлығына қатысы бар деген күдіктіні құрықтады. Жәбірленушілерге келген шығынның көлемі 20 миллион теңгеден асады. Тергеу кезінде анық болғаны – 25 жастағы жігіт көлік ұрлауды бір жарым жылдан бері кәсіп қылып келген екен.

2

Оның үйінен айғақтық зат ретінде екі «Мазда» маркалы автокөлік тәркіленіп,алынды. Сезікті жалғыз өзі қылмыс жасаған. Ол алдымен ұрлайтын темір тұлпарды таңдап, дабыл қаққышы бар-жоғын тексеріп алады. Содан кейін арам ойын жүзеге асырып келген. Заңсыз айдап әкеткен автокөліктерді ол үйіне алып келіп, бөлшектеп сатып отырған.

 

[youtube]www.youtube.com/watch?v=Nb1a36Eww_8[/youtube]