Жолға таластың соңы кісі өліміне соқтырды

184

Жолға талас салдарынан туындаған ерегістің соңы кісі өлімімен аяқталды. Бұл қанды оқиға Төлебиге баратын тасжолда орын алған.

Күре жолға таласқан жүргізушілердің оқиғасы жаға ұстатып отыр. Ауди және Ваз автокөлігін басқарған жігіттер жолға сыйыспай, таласып қалған. Аудиде болған жігіттер өз жөнімен кете барғанда, екінші көлікті тізгіндеген жүргізуші соңынан қалмай, Қарабастау ауылына дейін қуып келіп, жолды жауып тоқтатып алған. Осы кезде екеу ара жанжал туындаған. Күдіктінің айтуынша, олар төрт жігіт болып көліктен түскен.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=ETEvXc5EH-A[/youtube]

Төбелесіп қана қоймай, темір тұлпарларының да талқанын шығарған. Пышақты өзімді қоғау үшін қолға алдым деген жігіт, ақырында, екі адамды жарақаттап тынған. Оның бірі қансырап оқиға орнында қаза болса, екіншісі аяғынан алған ауыр жарақатымен аурухана төсегіне таңылып жатыр.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=6G3YFPq_Pzo[/youtube]

Арқа тұсынан пышақталған 19 жастағы жігіт тіл тартпай кетті. Оның бір жас кіші танысы ауруханада ем алып жатыр. Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты адам өлтіру дәйігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.