Электр желісін жөндемек болған адам тіл тартпай кетті

579

Өзгелерге жарық беремін деп, өзі жарық дүниемен қоштасты. Шамамен 30-35 жастағы азамат еш қауіпсіздік шараларын сақтамай, электр бағанына өрмелеп мініп, ақауды жөндемек болған кезінде мерт болды.

Құтқару жасағына бұл қайғылы оқиға жайлы суыт хабар 13-шілде күні түскен. Оқиға қаладағы Школьная көшесінде болды. Жоғары кернеулі электр бағанында жөндеу жұмыстарын жүргізбек болып, өліп кеткен ер азаматты құтқарушылар төменге алып түсті.

Кейіннен белгілі болғандай, оның электр бағанасына шығуына әйел кісінің өтініші себеп болған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тәртіп сақшылары аталған азаматшаны бөлімшеге алып кетті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=iSEQz4BJE6k[/youtube]

Жанболат Рахымов, медициналық қызметтің жетекшісі: «30 жастағы азаматты тоқ ұрған. Оны үйдің иесі электр желісін жөндетуге шақырған екен. Алайда еш қорғаныс құралынсыз бағанаға шыққан жігітті бірден тоқ тартып, көз жұмған.»