Фотобайқаудың жеңімпазы анықталды

273

БАҚ фототілшілері арасында өткен  «Жаңа мегаполис» атты фотобайқаудың жеңімпаздары анықталды. Журналистер одағының Оңтүстіктегі филиалы және  «Жаңа дәуір» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен өткен фотобайқау алғаш рет ұйымдастырылды.

Байқауға қатысқан 12 фотографтың кәсіпқойлығына, түсірілу шеберлігіне, тақырыптың ашылуына баса көңіл бөлінді. Айта кетерлігі, фототілшілерге тапсырманы орындауға 6 сағат қана уақыт берілді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=zsixG1Y0jSs[/youtube]

Сонымен, байқаудың І орын иегері болып, Мақсат Шағырбаев атанды. Ол «Субұрқақтар мен өзендер» тақырыбын қамтып, кәсіби дәрежесінің жоғары екенін байқатты.

Мақсат Шағырбаев, фотосуретші: «Алты сағатта қаладағы субұрқақтың барлығын қамтып шығу мүмкін болмады. Дегенмен, қала тұрғындары күннің ыстығында субұрқақтарды паналайды. Оларды суретке түсіру үшін өтіну қажет болмады. Шынайы бейне, шынайы құбылыс. Менің объективіме ілінген дүниелер осындай болды.»

Байқауға қатысқан барлық фототілшілерге арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар берілді. Бір байқағанымыз – өңірде фототілшілер аз екен.