«Балалы үй – базар» фотобайқауының жеңімпаздары марапатталды

«Оңтүстік Рабат» газеті ұйымдастырған «Балалы үй-базар» фотобайқауына көптеген фотосуреттер келіп түсті. Дегенмен, көбі сапасы жағынан төмен әрі байқаудың басты талабына (бір отбасында кемі 4 ұл-қыз болуы керек) сай келмегендіктен, газет бетінде жарияланбады. Газетте жарық көрген 6 отбасы балаларының суреттері арасынан жүлдегерлерді анықтау арнайы комиссияның құзіретіне берілді. Айта кетейік, комиссияға тәуелсіз сарапшы ретінде белгілі фототілші, ардагер-журналист Әбдіуәлі Розметов төрағалық етті.
_MG_3142
Сонымен, «Балалы үй – базар» байқауының жеңімпаздары:
І орын: Аружан, Әсел, Ұлмира, Жанерке Бекхожаевтар (№8, 19-ақпан, 2014)

Бекхожаева-2

Бекхожаевтардың отбасында Аружан, Әсел, Ұлмира, Жанерке есімді қыздар желкілдеп өсіп келеді. Олар ата-анасының бары да, нары да. Аружан – 10, Әсел – 6, Ұлмира – 5, Жанерке – 1 жаста. Аружан мектепте үздік оқушы. Сабағында оқиды, үй шаруасын да дөңгелетеді. Өзінің артынан ерген сіңлілеріне қамқор болып, анасына қолынан келгенше көмектеседі.

_MG_3149
ІІ орын: Нұрислам, Еңлік, Нұрғиса, Мұслима Мекембай әулеті (№6, 5-ақпан, 2014)

Мекембай
Мекембай әулетінің кішкентайлары – Нұрислам, Еңлік, Нұрғиса, Мұслима. Олар Шымкент қаласы, «Қайтпас-1» шағынауданында тұрады. Біздің фотобайқауымызға өздерінің суреттерін жолдай отырып, «Біздің басты мақсатымыз – білімді, жан-жақты азамат болып өсу» деген армандарын жазып жіберіпті.

IMG_3159
Ақдидар, Құралбай, Ақниет, Нұрбақыт, Ерасыл, Еркежан Сман отбасы (№19, 7-мамыр, 2014)

Сман
Ақдидар Сман өзінің бауырлары Құралбай, Ақниет, Нұрбақыт, Ерасыл, Еркежанмен бірге топтасып түскен суреттерін жібере отырып, арман-тілектерін де қоса жазып жіберіпті. Он екі жасар Ақдидар өскенде мұғалима болғысы келеді екен. Ал 8 жасар Құралбай Ермек Серкебаев атасы сияқты әнші болуды армандайтын көрінеді. Алты жасар Ақниеттің арманы білікті дәрігер атану болса, ойын баласы Нұрбақыт өскенде Отанын қорғайтын сарбаз боламын дейді. 2 жасар Ерасыл мен бесіктегі Еркежанның да аға-әпкесіне қарап бой түзеп, жақсы азамат болатынына сенімдіміз.

_MG_3129
ІІІ орын: Аружан, Мөлдір, Бақнұр, Дарын, Нұрмұхаммед Жарлхандар отбасы (№23, 4-маусым, 2014)

Жарылхан
Ордабасы ауданы, Қайнар ауылында тұратын Жарлхандар отбасында бес ұл-қыз өсіп келеді. Аружан М.Әуезов атындағы орта мектептің 6-шы, Мөлдір 4-ші, Бақнұр 1-сыныбын аяқтады. Дарын дайындық тобына баруға дайындалып жүрсе, кішкентайлары Нұрмұхаммет 2-ге толады. Олар бір-біріне қамқор, өнерлі. Мөлдір көркем гимнастика үйірмесіне қатысып жүр. Аружан би билейді. Оқу жылын сәтті аяқтап, жазғы демалысты қызықты өткізуді ойластыруда.

Пиралиевы
Бекайдар, Бекарыс, Бейбарыс, Жанарыс Пірәлиевтер (№11, 12-наурыз, 2014)

Олар Шымкент қаласындағы «Айқап» шағынауданында тұрады. Бекайдар – 10 жаста. Үйінің тұңғышы, ата-әжесінің ерке немересі. Соңынан ерген інілері Бекарыс – 8, Бейбарыс – 6, Жанарыс – 4 жаста. Олар ата-анасының қолқанаты, қамқоршысы, мақтанышы.

_MG_3105
Ынталандыру сыйлығының иегерлері – Жауқазын, Мансұр, Әрсен, Еркежан Базарбековтер әулетінің кішкентайлары (№15, 9сәуір, 2014)

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=YiuiKZvuIgs[/youtube]

Шымкент қаласы, Тассай елдімекенінде тұрады. Жауқазын – 8, Мансұр – 6, Әрсен – 4, Еркежан – 1,5 жаста. Фотобайқауымызға суретін жолдаған Жауқазын бойжеткенде «Қазақ аруы» атанғысы келетінін жазып жіберіпті. Ал Мансұр мен Әрсен «Өскенде білімді де білікті маман болғымыз келеді» деп қысқа қайырыпты. Сондай-ақ балақайлар хатта «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген қағиданы мықтап ұстанатынын жасырмапты.

Жеңімпаздардың барлығы редакцияның бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Құттықтаймыз!