«Кыран» Қазақстан чемпиондығынан үмітті

397
Қырандықтар биыл алтын медальға қол жеткізуі мүмкін, фото sports.kz сайтынан

«Қыран» футбол командасы осыдан үш жыл бұрын құрылды. Бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінде сынға түсіп, алғашқы ондықтан көрініп жүрді. Алайда биыл үш жыл бойы төгілген тер мен жинақтаған тәжірибе өз жемісін беріп отыр. 2014 жылғы маусымның бірінші айналымының мәресіне жерлестеріміз турнирлік кестеде бірінші орында тұрған «Каспий» командасымен бірге жетті. Бүгінде «Қыранның» қоржынында 31 ұпай бар.

"Қыран" футбол клубының ұжымы
«Қыран» футбол клубының ұжымы

Маусым басында Амерби Динаевтың шәкірттерінің алдына нақты жоспар қойылмаған болатын. Алайда соның өзінде «қырандықтар» алтын медальға таласуда. Бүгінде команда құрамы екі футболшымен толыққан. Футболшылардың барлығы — шымкенттік ойыншылар. Олардың арасынан ең жасы — Тәукехан Абдубайыт. Шабуылшы — 18 жаста.

Команда құрамы жыл сайын бір-екі жас футболшымен толығып отырады. Олар: 1993 жылы дүниеге келген Дастан Нақыпбеков пен 1989 жылғы Ілияс Әмірсейітов. Қос футболшы да жасыл алаңға қорғаушы ретінде шығады.

"Қыран" футбол командасының сұр мергендері, фото www.alaman.kz сайтынан
«Қыран» футбол командасының сұрмергендері. Фото www.alaman.kz сайтынан алынды

Биыл команда құрамы голландиялық қазақ Мұрат  Оналмен толықты. Ол «қырандықтарға» сәттілік алып келгендей. Бірінші ойыннан бастап-ақ қандасымыз қарсыластар қақпасына гол соғып, көзге түсті. Қазіргі таңға дейін Мұраттың еншісінде бес гол бар. Ал Санат Жұмаханов 7 гол соғып, бірінші лигада үздік шабуылшылар тізімінде тұр.

Қырандықтар биыл алтын медальға қол жеткізуі мүмкін, фото sports.kz сайтынан
Фото sports.kz сайтынан алынды

Бірінші айналым аяқталды. Енді тамыздың 2-сі күні ел біріншілігінің екінші кезеңі басталады. «Қыран бірінші ойында «Жетісу-Сұңқар» командасымен кездеседі.