«Отырар» кітапханасы жиырма мың кітаппен толықты

1148
"Отырар" кітапханасы 20 мың кітаппен толығып отыр

Облыстық «Отырар» кітапханасында «Кітап қазынасы – Отырарға» акциясы жалғасып жатыр. Осы акцияның нәтижесінде мәдени ошақтағы кітап қоры арту үстінде.

"Отырар" кітапханасы 20 мың кітаппен толығып отыр
«Отырар» кітапханасы 20 мың кітаппен толығып отыр
"Кітап қазынасы - Отырарға"
«Кітап қазынасы – Отырарға» акциясымен 15 мың кітап әкелінген

Қаңтар айынан бастау алған «Кітап қазынасы – Отырарға» акциясының олжасы – осы. Он бес мың кітап. Оқулықтарды аудан-ауылдардағы мемлекеттік мекемелер мен білім ұйымдары және жеке тұлғалар жеткізген. Мұнда әлі жайғастыру шаралары аяқталған жоқ. Шарапаты мол шара аясында кітапханадан тағы бір жаңа бөлім ашылды.

кітапқорында көркемәдебиеттер басым
Кітап қорында көркем әдебиет басым

Асылзат Арыстанова, облыстық «Отырар» кітапханасы директорының орынбасары: «Кітапханамызда сирек кездесетін кітаптар бөлімі ашылып жатыр. Мұнда көптеген қолжазбалар, түпнұсқасының көшірмелері, бірен-саран сирек кездесетін кітаптарымыз және ескі жылдардағы кітаптар жиналып отыр. Оқырмандарға, кітапсүйер қауымға, рухани мұрамызға құрметпен қарайтын зиялы қауым өкілдеріне біздің айтар өтінішіміз бар – мүмкіндіктеріңіз болса, сирек қорды өз дәрежесінде сақтау үшін біздің кітапханаға тапқан еңбектерді әкеліп өткізсеңіздер екен!»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=pQYHM6WXsYg[/youtube]

Бұдан бөлек облыстық «Отырар» кітапханасы 3000 кітапқа тағы да толықты. Бұл үшін биыл жергілікті қазынадан 4 миллион теңге қаржы қаралған. Және 2000 кітап қосымша көздерден тартылыпты. Айтпақшы, оның мыңы электронды кітап екенін айта кеткен жөн. Осылайша мәдени ошақта оқулықтардың ұзын-саны жиырма мыңға жетті. Оның басым бөлігін көркем әдебиет құрайды.

"Отырар" кітапханасында 300 мыңнан астам кітапқоры бар
«Отырар» кітапханасында 300 мыңнан астам кітап бар

Дүрияш Әділбекова, оқырман: «Мен студентпін, сондықтан көбіне салалық кітаптарды оқимын. Қазір информатика кітабын оқып отырмын, интернеттен таппағандарымды осы кітапханадан табамын. Бірақ мен бұл жақта биология және экология кітаптарын оқығым келеді, мұнда осы оқулықтарға жетіспеушілік бар. Және де қазақ тілі саласындағы кітаптар да табылмай жатады.»

Айта кетейік, бүгінде бір ғана облыстық «Отырар» кітапханасында үш жүз мыңнан астам кітап бар. Ал кітапхана ұжымы салалық кітаптардың санын арттыру үшін «Кітап қазынасы – Отырарға» акциясының жыл соңына дейін жалғасатынын айтады.