Саяжайлықтар коммуналдық қызметтен тағы да қағылды

Қайнарбұлақ саяжайының тұрғындары кәдуілгі қажеттіліктен жұрдай. Бірнеше күннен бері мұндағы жұрт арқау етер асын да дұрыс дайындай алмай жүр. Кір-қоңды жуып, тазалану тіпті мұңға айналған. Мұндай олқылықтардың орын алуының себебі – ауылдағы жалғыз тоқ таратқыш құралдың жарылып кетуі. Соның кесіренен мұндағы 9 мыңнан астам тұрғын не жарықсыз, не сусыз қалды.

Қайнарбұлақ

Саяжайлықтардың сөзінше, жарылып кеткен трансформаторды таяуда ғана қойған екен. Бірінші қолданыстан кейін-ақ шыдас бермепті. Әсілі, техниканың ақауы болса керек.

Ал кәрі-құртаңның жағдайы тіпті нашар. Шілденің аптап ыстығына шыдамаған егде кісілердің денсаулығы сыр беріп жатыр. Оларға медициналық көмек керек. Алайда, мұнда да «Арба сынып, өгіз өлетін жағдай». Жедел жәрдемге қоңырау соғайын десеңіз, саяжайдағы телефон байланысы да үзілген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ngg8fc0WYUI[/youtube]

Қайнарбұлақтағы бұл проблемаларды шенді-шекпенді бес саусағындай біледі. Бірақ, елең етер ешқайсысы жоқ. Десе де жақсылықтан үміті бар жергілікті жұрт мәселемізді шешіп берсе екен дейді.