Құдай сақтады! Бесінші қабаттан құлаған бала аман қалды

399

Шымкентте жас бала биіктен құлап аман қалды. Оқиға «Теріскей» шағынауданындағы үйлердің бірінде болған.

004

Бесінші қабаттағы терезеден құлап кеткен жас бала бірінші қабатта орналасқан дүкеннің шатырына түскен. Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар жылаған баланың дауысын естіп, құтқарушыларға хабар береді. Құтқарушылар тез арада келіп жетіп, бүлдіршінді дәрігерлерге тапсырды.

Бала өзінің атының Диас, жасы үште екенін айтқан. Анық болғандай, құлаған кезде үйінде ата-анасы болмапты. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері бүлдіршінді ауруханаға алып кетте. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер науқастың жағдайы орта дәрежеден ауыр дейді.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=uQLLTh5ZZ0Q[/youtube]