Мырзахметов «6» деген баға алған

Мырзахметов «6» деген баға алған

Құрметті, замандас! «Тоқтамада» бұдан былай саған үлгі боларлық, сен бой түзеп, өнеге алады-ау деген тұлғалардың жастық шақтары туралы қызықты материалдар жарияланады. Көз жазып қалма! Лажы болса, алдағы кезде қай тұлға туралы білгің келетініңді айтып, хабарлассаң болады. «Сен үлгі алатын тұлға» айдарының бүгінгі кейіпкері – облыс басшысы Асқар Исабекұлы Мырзахметов. Бәрімізге таныс тұлғаның балалық шағы, студенттік кезі қалай өтті? Қай сабақты жақсы көрді? Осы сұрақтарға жауап аласың.

Мырзахметов «6» деген баға алған
Мырзахметов «6» деген баға алған

Иә-иә, оқушы Асқарға үй тапсырмасын мұқият орындап, қатесіз шығарып келгені үшін геометрия пәнінің мұғалімі «6» деген баға қойыпты. Өзгелерге алдында «5»-тік баға қойып үлгерген ұстазы, олардан асыра орындаған кішкентай Асқардың талабына қуанып салыстырмалы түрде, ондай баға болмаса да «6» деген бағаны дәптеріне қойып бергені бар. Алғыр, ізденімпаз, «бәрін білсем», «барлығын үйренсем» деген бала Асқарға әкесінің қызметіне байланысты жиі қоныс аударып, мектеп ауыстырғаны да кедергі келтірмегенге ұқсайды. Жаңа ортада жаңа сыныптас-тарымен тез тілтабысып кетеді екен. Сыныптастарының айтуынша (белгілі себептерге байланысты ол азаматтар аты-жөндерін көрсетпеуді өтінді) геометрия пәнінен небір шешімі қиын есептерді шешу Асқар үшін қиынға соқпаған екен.

Асқар Исабекұлымен бір сыныпта оқыған азаматтардың сөзінше кейіпкеріміз тек геометрия емес, барлық пәнді өте жақсы оқыпты.

Осылайша оқушы Асқар Шымкент қаласындағы №44 мектепті «Алтын медальмен» бітірген.

Асқар Исабекұлы 1962 жылдың 1 қазанында Шымкент қаласында туған.
Асқар Исабекұлы 1962 жылдың 1 қазанында Шымкент қаласында туған.

Студент Асқар

Асқар Исабекұлы 1979 жылы арман қуып Алматыға келеді. Алматы зооветеринарлық институтына оқуға түседі. Мұнда да ол республиканың түкпір-түкпірінен келген небір білімді студенттердің арасынан ерекшеленеді. Оған келтірер мысал көп. Соның бірі – үлкен аудиторияда лекцияға жиналған 600 студенттің арасынан оқытушының дәл Асқарды орнынан тұрғызып, өткен сабаққа қатысты пікірімен санасып отырғандығы біраз нәрсені аңғартары белгілі. Айтпақшы, ізденімпаз Асқардың дипломынан да «төрттік» бағаны таппайсыз. Студент кезінде әсіресе институт қабырғасында өтетін спорттық сайыстардың бел ортасынан табылады. Спортты сол кезден жанына серік еткен азамат әлі күнге дейін суда жүзуді, шаңғы тепкенді жақсы көреді.

Ол Алматы зооветеринарлық институтын 1984 жылы тәмамдап, Мәскеудегі Бүкілодақтық мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасына оқуға түседі. Оны 1988 жылы бітірген соң Қазақ менеджмент және маркетинг институтында білім алған.

А.Мырзахметов 2000 жылы жарыққа шыққан «Қазақстандағы лизинг: теория және тәжірибе» кітабы авторларының бірі.
А.Мырзахметов 2000 жылы жарыққа шыққан «Қазақстандағы лизинг: теория және тәжірибе» кітабы авторларының бірі.

Жоғары оқу орнын бітірген соң жас маман Асқар Мырзахметов еңбек жолын 1988 жылы Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтынан бас-тайды.

Айтпақшы…

Асқар Мырзахметовпен курстас, сыныптас болған облысымызда лауазымды қызметтегі бірқатар азаматтар бар. Бірақ, олар қызметке орналасуын достарының арқасында деп санамайды. Керісінше «Асқар өте талапшыл жан. Тазалықты, әділдікті, адалдықты сүйеді. Сондықтан да бізді тамыр-таныстықпен қызметке қойды деу негізсіз. Қайта, кездескенде «сен осында ма едің?» деп таңқалып жататыны бар», – дейді.

Сондай-ақ, Мырзахметовтер әулетінде мектепті «Алтын медальмен» бітіру тансық емес көрінеді. Бауырлары да мектепте оқу озаттары болған.

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

«Оңтүстік Рабат», №34, 20.08.2014