Шымкентте біраз су өлшеу құралы интернетпен бақыланады

730
Суыңыздың пайдаланған мөлшерін мекемеде отырып бақылайды

«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС өз қызметі барысына жаңа технологиялар енгізуде. Сапалы су өлшеуіш құралдары тұтынушылар пайдаланған суды дәл өлшеумен қатар бақылаушының қызметін қажет етпейді. Мәліметтер су өлшегіш құралынан интернет арқылы тексерушінің компьютеріне түседі. Бір жылдан бері бұл жаңа жүйе қаламыздағы Гагарин көшесіндегі көпқабатты 4 үйде жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта мұндай үйлердің саны артпақ.

Суыңыздың пайдаланған мөлшерін мекемеде отырып бақылайды

Әсет Әшірімбет, «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС инспекторы: «Осы уақытқа дейін 213 үйдің жалпы өлшегіш құралдарының көрсеткіші компьтердің экранына шығарылып отыр. Сондай-ақ, 324 заңды тұлғалардың, яғни, сауна, аурухана, мейрамхана және тойханалардың өлшегіш құралдарының жұмысын компьютермен бақылап отырамыз. Біз бұл арқылы тұтынушылардың суды қаншалықты деңгейде тұтынып отырғанын үнемі бақылап, мәлімет алып, сараптама жасап отырамыз.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=oGCs5Nfhc3M[/youtube]