Оқу орталығы заманауи талапқа сай білікті мамандар даярлайды

662

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізі міндеттерінің бірі – жаһандану мен индустрияландыру жағдайында, экономика секторындағы жүйені жетілдіру мен мамандарды қайта дайындау болып табылады.

Қарқынды экономикалық үдеріс қазіргі заманға сай дағдылар мен біліктілігі бар мамандарға деген жоғары сұранысты тудырып отыр. Сондықтан да «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС мамандарының да қоғам талабын қанағаттандыратындай біліктілігін арттыру кезек күттірмес мәселе болғандықтан, мекеме жанынан «Мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау» оқу орталығы 19 қарашадан бастап ашылып отыр.

Орталық өз жұмысын екі бағытта ұйымдастыруды мақсат етеді: Мекеме мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру және жұмысқа тартылған түрлі категориядағы мамандарды қайта даярлау.

Осы орайда атқарылатын басты міндеттер «Су ресурстары – Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің түрлі категориялардағы мамандарын жыл сайын заманауи технологиялар, жаңа стандарттар мен талаптарға сай біліктілігін арттыру, оларды құзыретті маман ретінде дайындап, жас мамандарды қайта даярлаудан өткізу үшін арнайы курстар ұйымдастыру, соған сәйкес оқу-тақырыптық жоспарлар мен оқу бағдарламаларын жасақтау болып отыр. Ал екіншіден, мекемедегі кадр сапасын арттыру мақсатында менторлық әрекетті қолға алып, тәжірибелі өндіріс мамандарын үйретуші, бағыт беруші ретінде жас мамандарға кәсіби біліктілік арттыруға жұмылдыру болып табылады.

Сондай-ақ, алдағы уақытта халыққа сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында арнайы кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарымен Меморандумға тұрып, дуалды білім беру жүйесін дамыту негізінде кәсіптік маман иелерін жұмыспен қамту және олардың алған мамандықтарына сәйкес дипломдарына тәуелсіз сарапшы ретінде бағалау құзыреттілігіне ие болу мақсаты тұр. Мекеме қызметкерлері мен маман, жұмыскерлердің кәсіби, тілдік, коммуникативтілік құзыреттілігін арттыру мақсатында үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру және дамыту да басты назарда.

Қажетті әдістемелік құралдарды мемлекеттік тілде, латын графикасы негізінде жасақтауды іске асыру, мамандарға психологиялық-кәсіби сүйемелдеу көрсету. ТжКБ оқытушылар мен менеджерлеріне әзірленген курстардың мониторингі мен тиімділік бағасын білу де жоспарда бар.

Әр курс нәтижесінде мекемеде біліктілігін арттыру курсынан өткен мамандар жайлы деректер базасын құрып, оны үнемі жаңартып отыру басты назарда болмақ. Сонымен қатар, аймақтық, республика көлеміндегі су шаруашылығы мекемелерімен өзара тәжірибе алмасу үдерісін жандандыру жұмыстарын жоспарлау көзделуде.