Өзіміздің тәтті тоқаш – шетелдікінен арзан

Ойық тоқаштардың түр-түрін шығаратын шағын цех – Оңтүстіктегі кепкен тоқаш пісіретін бірден-бір орын. Өз жұмысын 2007 жылдан бастаған мекеме айына 30-40 тонна өнімін пісіреді. Бірақ сатылым мәселесінде қиындық туындап, мекеме басшысы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының маркетингтік қызмет көмегіне жүгінді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=AjK0DoNJUzc[/youtube]

сушка шығаратын цех

сушка шығаратын цех

сушка шығаратын цех

сушка шығаратын цех

Олжас Тоғаев, КҚКО директорының орынбасары: «Біз кәсіпкерге кептірілген тоқаштың басқа да түрлерін шығаруды ұсындық. Екіншіден, нарықта Алматының, Мәскеудің, Украинаның өндірушілері бар. Бұлармен бәсекелесу үшін бұл кісіге бағаның саясатын реттеп бердік. Бағасы айтарлықтай арзан. Егер бәсекелестердің бағасы 350 теңге болса, бұл кісінің өнімінің – 200 теңге. Бұл Оңтүстіктің халқына тиімді және ыңғайлы баға.»

Мамандардың сараптауынша, жаңадан ашылған кәсіпорындардың 80 пайызы бірінші жылы-ақ кәсібін дөңгелете алмай, жабылып қалады екен. Сондықтан барлық істі бастарда оның сатылым мәселесін жеті өлшеп, бір кескен дұрыс дейді. Нан өнімдерінен мұнда прәндіктің 4 түрі де пісіріледі. Цех басшылығы бүкіл жоспары іске асса болашақта нан өнімдерінің кешенін ашқысы келеді.

сушка шығаратын цех

сушка шығаратын цех

Сәкен Сариев, кәсіпкер: «Болашақта нан өнімдерінің кешенін ашқым келеді. Егер осы ойым іске асса, 200-250 адам жұмыс істейтін үлкен зауыт ашылар еді. Ал шығаратын өнім 700-800 тонна болар еді. Бұл республиканың басқа қалаларындағы нан зауыттарымен кем түспейтін болады.»

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы іскер азаматқа болашақта қаржы көзін табу мәселесінде көмек бермек. Орталық тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысыңыз деген де кеңестер беріліп жатыр. Жалпы, орталықтағы осы бөлімнің ашылғанына көп болмаса да бұл жерден 12 кәсіпкер маркетингтік көмектер алыпты.

сушка шығаратын цех

сушка шығаратын цех