Қызанақ өңдеу зауытының жұмысы қайта жанданды

394
биыл 10 тонна өнім жиналмақ

Арыс қаласындағы қызанақ өңдеу зауыты қайта жанданды. Айта кетейік, 2009 жылы Елбасының өзі ашып беріп кеткен кәсіпорын қатарынан 3 жыл жұмыс істеп келіп, қаржылық қолдау таппаған соң тоқырап қалған болатын.

биыл 10 тонна өнім жиналмақ
биыл 10 тонна өнім жиналмақ

Бүгінде зауыт жұмысына қан жүгіре бастады. Италиядан арнайы алдырылған құрал-жабдықтар тәулігіне 600 тонна өнім өндіруге жарап тұр. Техникалар түгелденіп, кезінде босап қалған жүз шақты жұмыс орны қайта толықты. Зауыт басшылығы ішкі сұранысты қамтып болған соң, өндіріс қуатын арттырып, көрші елдерге де тауар тасимыз деп құлшынып отыр.

Кәсібін дөңгелете алмай тоқырап қалған кәсіпорындарды қайта жандандыру – Елбасының тікелей тапсырмасы. Мемлекет басшысы өңірімізге жасаған соңғы сапарында кезінде мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында қолға алынған жобалардың іске аспай жатқанын сынға алған болатын.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=hh8xnUBg0ig[/youtube]

Айта кетейік, жылына орта есеппен 10 жарым мың тонна қызанақ пастасын өндіріп келген кәсіпорынның тоқырап қалған кезі біздің де назарымыздан тыс қалмаған-ды. Қаржы тапшылығы және ұйымдастыру жұмыстарының жолға қойылмағандығынан бұл кәсіпорында қатарынан екі жыл тіпті тіршіліктің нышаны байқалмады.

Енді қайта жанданған кәсіпорын қызанақтың тұқымын дайындаудан бастап, тұтынушыға ұсынылатын дайын өнiмдi шығаруды қайта қолға алды. Қазір шаруашылықта 170 га жерде көкөніс жинау науқаны жүріп жатыр. Биыл шарауалар 10 мың тоннаға жуық қызанақ жинап, 1 жарым мың тоннаға жуық томақ пастасын шығаруды жоспарлап отыр.