Шымкент математика саласынан көш бастап тұр

255
конференция 2 күнге ұласты

Ел аумағында Шымкент математика саласы жөнінен көш бастап тұр. Бұл жөнінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де өткен халықаралық конференцияда айтылды. Американың физика институты қамқорлығымен өткізілетін бас қосуда «Сараптама және қолданбалы математика» тақырыбындағы тың жаңалықтар талқыланды. Әлемнің 22 елінен келген 100-ден аса танымал ғалымдар мен академиктер екі күн бойы өз еңбектерімен таныстырып, ойларын ортаға салады.

халықаралық конференцияға әлемнің 20 елінен өнертапқыштар келді
Халықаралық конференцияға әлемнің 20 елінен өнертапқыштар келді

Екі жылда бір бас қосатын әлем ғалымдары бұл жолы Шымкентке жиналды. Мұның себебі – біздің математиктер ел аумағында үздіктер сапында көш бастап тұр. Халықаралық конференцияға 400-ден астам ғылыми еңбек келіп түскен. Арасында жастардың ғылыми мақалалары басым. Жас авторлардың айтуынша, ғылыми математика саласын зерттеуде мемлекеттен қолдау керек.

400-ге тарта ғылыми мақала оқылды
Басқосуда 400-ден астам ғылыми мақала оқылды

Мамытсәлі Тасболатов, конференция қатысушысы: «Ең алдымен мен бұл мамандықты өз қалауыммен, өзі елімнің ғылымының дамуына үлесімді қосу үшін таңдадым. Маған есептер шығару практикасы ұнайды, атап айтқанда, фунционалдық анализ, сол жерде, мысалы, функционалдық теңдеулерді шешу өзімді қатты қызықтырады. Болашақта осы салада қызмет етсем деген ниеттемін.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=vLTBXwU2fJo[/youtube]

«Сараптама және қолданбалы математика» тақырында өрбіген кеңесті Американың физика институты қамқорлығына алған. Олар жас ғалымдарға қолдау көрсетіп, ғылыми жаңалықтарын әлемге танытады. Конференцияның мақсаты да осы. Мамандар негізінен қолданбалы математиканың заманауи бағыттары мен баламалы энергетика көздерін табу мәселелерін сөз етті. Ал қазақстандық ғалымдар елімізде математика ғылымының дамуына тек жаңалық ашу жеткіліксіз деп отыр.

конференция 2 күнге ұласты

Техногенді аппараттарды модельдеу жайын қамтыған конференция 2 күнге созылады. Айта кетейік, бүгінде бір ғана М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де ғылыми математика саласын зерттеуде 200-ге тарта студент білім алып келеді.