Ардагерлер ардақталып, қарттар қадірленген күн

492

Қарттарға құрмет. Абай аудандық әкімдігі 99 жастағs зейнеткерді атаулы мерекесімен арнайы құттықтап барды. Тыл ардегері мұндай сыйлықты күтпесе керек, үйіне келген қонақтарды қуана қарсы алды. Өмірдің суығына тоңып, ыстығына шыдас берген жан ғана ұзақ жасай алады дейді кейуана.

Әжей шыдамдылық алға қойған мақсаттарға жетелейтін жалғыз жол екенін де жасырмады. Ең бастысы, еткен еңбекті еленгеніне дән риза. Бибігүл Әлібекова өзінің ұрпағымен бай әрі бақытты екенін алға тартты. Екі ғасырдың куәсі болған өзін ұмыт қалдырмай, мерекемен құттықтай келгендерге ақ дастархан жайды.

Айта өтейік, Абай ауданында 3 мыңға жуық тыл ардагері бар. 42 соғыс ардагері де өмір сүреді. Бүгін қарттар күні мерекесінде жергілікті билік абзал жандарға арнап, мерекелік кеш ұйымдастырады.

Ал Еңбекші аудандық әкімдігі бүгін 92 жасты алқымдаған Анна Михайловнаның үйіне барып, туылған күнімен әрі атаулы мерекесімен құттықтады. Ауданның ардагерлер кеңесі және «Эге-Шымкент» компаниясы әжей сый жасап, құрмет көрсетті. Айта өтейік, Еңбекші ауданына 67 соғыс ардагері өмір сүреді. Оларға ауданның кәсіпкерлері үнемі қамқорлық көрсетіп, мереке күндері ұмыт қалдырмайды.