Оқушылар ұстаздары үшін ерекше көрме ұйымдастырды

Облыстық балалар және жасөспірімдер орталығындағы көрсемсурет студиясының оқушылары ұстаздарына ерекше сый жасады. Олар мұғалімдерін алдын ала суретке түсіріп, кейін айнытпай суреттерін салып, көрме ұйымдастырған.

"Ұстаздар балалар көзімен "атты көрмесі
«Ұстаздар балалар көзімен «атты көрме

Олар «Ұстаздар балалар көзімен» атты қөрмені ұстаздар мерекесіне арнап отыр.

Биден сабақ беретін мұғалім
Биден сабақ беретін мұғалім

Осылайша шәкірттер ұстаздарына тосын әрі ерекше сый жасап, қуантуды ұйғарыпты.

Облыстық балалар және жасөспірімдер орталығында жүзден аса үйірме жұмыс жасаса, көрмеге 150-дей мұғалімнің суреттері ілінген.

Оқушылар мұғалімдерінің бейнесін бейнелеуде олардың ерекшеліктерін, мінездерін, көңіл-күйлерін көрсетуге тырысқан.