Тұмауға қарсы егу басталды

308

 

Күз келді дегенше, түрлі аурулар бас көтерді дей беріңіз. Осы орайда Оңтүстік Қазақсатан облысында тұмауға қарсы егу науқаны басталды.

grippЖедел респираторлы вирусты инфекциялар мен тұмаудың алдын алу шаралары 1-қазаннан бастап 1-желтоқсанға дейін өңіріміздің барлық емдеу мекемелерінде жүргізілмек. Жылдағы дәстүр бойынша тегін вакцинация халықтың осал топтарына ғана салынады. Ол дегеніміз тұмауға қарсы екпемен Оңтүстіктегі 403 мыңнан астам адам мен 40 мыңға жуық жүкті әйел қамтылмақ. Айта кетейік, биылғы егу науқанына облыстық бюджеттен 294 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп отыр.