Жауапты мамандар: «Шымкент жылуға дайын»

306

Шымкеттегі № 3 жылу-энерго орталығы көпқабаты үйлерге ыстық су беруді бастады. Бұл жайында жылу мекемесінің басшылары хабарлап отыр. Бұдан бөлек барлық жылу магистралдары тегіс сумен толтырылыпты.

001

Жауаты мамандар жаздағы жөндеу жұмыстарына бөлінген 800 миллион теңгеден астам қаржыны толығымен игерген. Қала әкімдігі жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылдаса, шымкенттіктерді жылытуға дайынбыз дейді олар.

Қала әкімдігінде бар мәлімет бойынша қазан айының екінші онкүндігінде жауын-шашын болмайды әрі ауа температурасы төмендемейді. Осының бәрін ескере отырып, әкімдік биылғы жылыту маусымын қараша айының алғашқы күні бастағанды жөн көріпті. Десе де қаланың жылу жүйелері жылу беруге, ал көпқабаты үйлер жылу қабылдауға 99 пайыз даяр. Тек санаулы үйдің тұрғындары жертөледегі жүйелерді жөндеуге құлықсыздық танытып жүр. Шаһарда жауапсыз 33 көпқабатты үй бар екен.

[youtube]https://youtu.be/wWC5MJh9kAM[/youtube]

№ 3 жылу-энерго орталығының мамандары қаланың солтүстік бөлігіндегі ұзындығы 130 шақырым құбырды суға толтырдық деп отыр. «ҚазТрансГаз» мекемесімен келісім-шарт та түзіліпті. Енді жылу берушілер қыстай үзіліссіз көгілдір отынмен қамтылатындарына сенімді. Тек тұрғындардың жылу үшін берешек қарыздары мазалайды.

[youtube]http://youtu.be/gevE2VC6DVQ[/youtube]

Осылайша монополистер мен шенеуніктердің сөздеріне сенсек, биыл шымкенттіктер қыста тоңбайды.