Мүмкіндігі шектеулі жандар қашықтықтан оқып, жұмыспен қамтылады

327
арнайы мамандық алуға мүмкіндік туды

Бүгінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйде отырып-ақ білім алып, жұмыспен қамтыла алады. Қашықтықтан оқыту бағдарламасы осынау мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Жоба жетекшілері мүмкіндігі шектеулі жандарға осынау жобаның қыр-сырын түсіндіріп берді.

арнайы мамандық алуға мүмкіндік туды

«Сайт әкімшісі», «Бухгалтер, «Журналист» «Дизайнер», «Аудармашы» мамандықтарын бұдан былай мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйде отырып игере алады. БҰҰ мен «Даму» жастар қоғамдық бірлестігінің ортақ жобасы осындай мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Қашықтықтан оқыту бағдарламасында білім алғандар жұмыспен де қамтылады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=mIVhYe0uWvg[/youtube]

Сондай азаматтардың бірі – 19 жастағы Русланның еңбек етуге құлшынысы зор. Бірнеше тілді меңгерген жас жігіт енді дизайнер мамандығы бойынша қашықтықтан білім алып жүр. Бағдарлама жыл соңына дейін жалғасады. Ал жоба ақталса, келер жылдан бастап жетекшілер республика аясында қолданысқа енгіземіз деп құлшынып отыр.